Заманауи робототехника - 2017

2017 жылдың 7 желтоқсанында «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен, институттық «Білім. Ғылым. Өндіріс» ғылыми-техникалық шығармашылық фестивалі аясында «Заманауи робототехника - 2017» тақырыбындағы конкурс өтті.

Конкурстың ашылуында «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Кубашева Динара алғы сөз сөйлеп, келесі сөз кезегінде баяндамашы, «Информатика» мамандығының 2-курс студенті Авдеев Константин «Робототехника біздің өмірімізде» тақырыбындағы өз баяндамасын  ұсынды.

Конкурстың  жүру барысы мынадай кезеңдер бойынша өтті:

  1. Конкурсқа қатысушылардың жобаларын таныстыру рәсімі;
  2. Әділқазылардың бағалауы;
  3. Марапаттау.

Конкурстың әділ-қазы мүшелері мынадай құрамда бекітілді: Хасанова Ж.С. - п.ғ.д., профессор, Қуанов М.С. - г.ғ.к., Молдашева А.К. – э.ғ.к., Нуржанова Ш.С. – п.ғ.к., Кабылхамитов Ғ.Т. – ф.-м.ғ.к.. Әділ-қазы алқасы қатысушылар жобасын бағалай келе ортақ шешім қабылдап, марапаттау рәсімі мынадай ретте өтті:

 

Ақшалай сыйлық

Бақтығали Амандық

«Электрондық машина» жобасы

Муса Бекзат

Елубаев Жәнібек

Жақсығұлов Әділбек

Самарханов Қуаныш

«Робот Валли» жобасы

 

Жұмағұл Сұлтан

«Робот Трансформер» жобасы

ІІІ орын

Утегенов Алтынбек

«3Д сканер» жобасы

ІІ орын

Сүйіндікова Айназ

«Ақылды үй» жобасы

І орын

Гатиятуллин Артур

Цой Артур

«Робот Манипулятор» жобасы

 

 

Атаулы конкурсты «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Нұржанова Шарбат Сағидоллақызы қорытындылап, қатысушыларға өз алғысын білдірді.