«Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы»

IMG_1383.JPG
IMG_1410.JPG
IMG_1389.JPG
IMG_1385.JPG
IMG_1420.JPG
IMG_1422.JPG
IMG_1421.JPG
IMG_1426.JPG

2017 жылдың 13-желтоқсанында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциясы өтті.

Конференцияның ашылу сәтінде институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М. Жаулин сөйлеп, бұл іс-шараның басты мақсаттарына тоқталды.

Аталған студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясының жалпы жүру барысында: пленарлық мәжіліс, секциялық мәжілістер мен қорытынды мәжіліс өтті.

Секциялық мәжілістер өзара: Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт, №2 Латын әліпбине көшу-қазақ тілінің жаңа белгісі, №3 Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тамыры: зерделенуі мен зерттелуіндегі жаңашыл әдістер, көзқарастар секциялары болып бөлінді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісінде институттың Ғылыми, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М. Жаулин сөз алды. Өз сөзінде профессор Киікбай Мыңбайұлы: «Бүгін Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциясы өткелі отыр. Алдағы жарқын болашақ - жастар сіздердікі, сондықтан сіздердің тың идеяларыңыз бен ойларыңыз, биік мақсаттарыңыз еліміздің өркендеп, қанат жаюы үшін аса қажет деп білемін.», - деп, халқымыздың Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғандығын атап өтті.

Келесі сөз кезегінде Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе менеджері Есниязовава Мейрамгуль Тарғынқызы биылғы өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе жұмысының бағдары мен ерекшеліктеріне тоқтап өтті.

Сонымен бірге, аталған пленарлық мәжілісте институттың студенттері, нақтылай айтсақ, «Рухани жаңғыру: Атырау өңірінің киелі орындары» тақырыбында 5В071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 2-курс студенті Саябай Тұрар өз баяндамасын ұсынса, Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының 2-курс студенті Амантаева Ақтоты «Хан-қақпа, халық-қазына, батыр-қорған» тақырыбы бойынша шығып сөйледі.

Пленарлық мәжілістен соң, өз жұмыс кестесіне сай әр аудиторияларда: №1 Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт, №2 Латын әліпбине  көшу-қазақ тілінің жаңа белгісі, №3 Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тамыры: зерделенуі мен зерттелуіндегі жаңашыл әдістер, көзқарастар секцияларына сәйкес мәжіліс өтіп, студенттердің дайындаған ғылыми баяндамалары тыңдалды.

Секциялық мәжілістерден соң, конференцияның қорытынды бөлімінде ғылыми баяндамалары үздік деп танылған студенттерді Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, профессор  Е.У. Ихсановтың «Алғыс хатымен» марапаттау рәсімі өтті.

№1 «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» секциясы бойынша, Инженерлік-техникалық факультетінің деканы, п. ғ. к., доцент Қасенов С.Қ. студенттердің ғылыми зерттеу жүргізуге машықтануына, өткізілген конференцияның маңыздылығы мен мәнін айтып, келесі студенттерді марапаттады:

  • Нуфтоллина Айнұр Рамазанқызы – С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің «Радиоэлектроника және байланыс» - мамандығының 3-курс студенті, Тақырыбы «INDEPENDENCE. HARMONY. FUTURE OF SINGLE NATION»;
  • Табылдиев Нұрдәулет - "Техник электрик" мамандығының  ІІ- курс студенті, Тақырыбы «ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҚАМЫ-ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ САЛТЫ» Жетекшісі: Тарих пәні мұғалімі: Иманғазы А.А.;
  • Бөлегенова Айдана, 5В071900 Радитехника, электроника және телекоммуникациялар 3-курс.

Тақырыбы: ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІ НЕГІЗГІ – ОТБАСЫНДА

Ғылыми жетекші: Кубекова С.А.;

  • Сәрсенбаева Диана Русланқызы Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі 0816000 – «Химиялық технология және өндіріс».

Тақырыбы: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТАҢБАСЫ ТАСТА, ҚАНЫ ҚАРА ЖЕРДІҢ ТАМЫРЫНДА ЖАТҚАН ҚҰДІРЕТТІ СӨЗ. ;

  • Досамбаев Ақжол, Досамбаев Асылжан –АИГИ, 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығы.

Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр Меңдіғалиева Г.Х.

Тақырыбы: ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ!

 

№2 «Латын әліпбине  көшу-қазақ тілінің жаңа белгісі» секциясы бойынша – «Шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі, педегогика ғылымдарының магистрі – А.А. Мұратова өткізілген секцияда студенттердің жоғары деңгейдегі дайындығын бағалай келіп, баяндамаларды қорытындылау нәтижесінде келесі студенттерді марапаттауға ұсынды:

  • ЛАТЫН ӘЛІПБИНЕ КӨШУ - ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛГІСІ

Аймағанбетова Әсем Берікқызы - Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің «Радиоэлектроника және байланыс» - мамандығының 3-курс студенті;

  • ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛГІСІ

Әжіғали Римма Оралбайқызы - Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығы, 1 курс

Жетекшісі: Кульчикова Молдир Сарсенбаевна;

  • ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ

 Әлімжанов Нұрболат - «Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжі» «Құқықтану» мамандығының  ІІ курс студенті

Жетекшісі: Қырықбай Күләш Мұқатайқызы;

  • ПЕРЕХОД НА ЛАТИНИЦУ – ДИНАМИКА НОВОЙ ЭПОХИ ВОЗРОЖДЕНИЯ

Аманова  Дурдана- Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, 5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»

Ғылыми жетекші: Ығылова А.Қ. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының  оқытушысы.

 

№3 «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тамыры: зерделенуі мен зерттелуіндегі жаңашыл әдістер, көзқарастар» секциясы бойынша,  Экономика-гуманитарлық факультетінің деканы, ф-м.ғ.к, профессор Ғ.Т. Қабылхамитов  сөз сөйлеп, баяндамалардың жан-жақты қамтылғандығына, студенттердің белсенділігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейлігіне тоқталып, нәтижесінде келесі студенттер алғыс хатпен марапатталды:

 

1. ТУҒАН ӨЛКЕМ ШЕЖІРЕСІ – ОТАНЫМНЫҢ ТАРИХЫ

Оңдасын Жақсылық - С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі, ТППа-16 тобының 2 курс студенті,

Ғылыми жетекші: Жұмашева Алима

 

2. Рухани құндылықтарды қалыптастыру ерекшеліктері

Утемуратов Еркебұлан - Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

4 курс «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының студенті,

Ғылыми жетекші: Хасанова Актоты

 

3. Маңдай термен келген тәуелсіздік

Сарсенгалиева Дарья - Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі Мамандығы: «Есеп және аудит»  2-курс студенті,

Ғылыми жетекші: Ибетова Гульжан

 

4. ТӘУЕЛСІЗДІК – САЛТ-САНАНЫҢ МЫЗҒЫМАС ТІРЕГІ

Қадыров Бекежан Сабырұлы- Атырау инженерлік-гуманитарлық институты «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1 курс студенті,

Ғылыми жетекші: Жетекші: Рахметова Индира

 

Конференцияны қорытынды сөзімен, институттың Ғылыми, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М. Жаулин аяқтады.