Үштілділік – уақыт талабы

2017 жылдың 8 желтоқсанында «Шет тілдер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Үштілділік – уақыт талабы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты – «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын жастар арасында насихаттау, дәріптеу.

Дөңгелек үстелдің ашылуында «Шет тілдер» кафедрасының оқытушысы, магистр Ығылова Асель Құрманғазықызы алғы сөз сөйлеп, келесі сөз кезегін баяндамашыларға ұсынды.

 

Дөңгелек үстелдің жүру барысы мынадай ретте өтті:

  1. Дәріш Ұ. – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенті – «Үштілдікті меңгеру жарқын болашақтың кепілі»;
  2. Қажым А., Уралбаева И. - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3-курс студенттері – «Introduction of multilingualism on the basis of innovation in teaching of English lessons»;
  3. Раджапова С., Аманова Д. - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттері – «Внедрение полиязычия на основе инновации в обучении иностранного языка»;
  4. Нигметова Ф. - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенті «Инновациялық оқыту - заманауи оқытудың белгісі»;
  5. Сисенғалиева А., Хисамеденова Ж. - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенттері – «Триединство языков – наша главная цель».

Атаулы шара қазақ, орыс, ағылшын тілінде өткізілді, шараны модератор ретінде «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4-курс студенті Еділбаева Асыл үш тілде жүргізіп отырды. Баяндамашылар қозғаған мәселелер студенттер мен оқытушылар арасында қызу талқыланды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында п.ғ.д., профессор Хасанова Жамиляш Садыққызы сөз сөйлеп, үштілділік мәселесінің бүгінгі таңдағы өзектілігі туралы сөз қозғады. Өз сөзінде Жамиляш Садыққызы осы мәдени жоба аумағында мемлекеттік тіліміздің позициясын одан әрі күшейтіп, жастарымызды ұлттық тілімізді дәріптеуге, қастерлеуге шақырды.

Дөңгелек үстелді «Шет тілдер» кафедрасының аға оқытушысы Үмбетқалиева Нұргүл Утарғалиқызы қорытындылады.