«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ Атырау қалалық филиалының жұмыс кестесіне сәйкес жиын өтті

DSC04737.JPG
DSC04741.JPG
DSC04742.JPG
DSC04743.JPG
DSC04745.JPG

2018 жылдың 19 қаңтар күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ Атырау қалалық филиалының жұмыс кестесіне сәйкес жиын өтті.

Жиын мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауын институт профессор-оқытушылары мен студенттері арасында насихаттау.

Жиынның ашылуында институттың Бірінші проректоры, п.ғ.к., М.Х. Мұхтаров алғы сөз сөйлеп, жиын күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз кезегін баяндамашыларға берді.

Жиын барысында Атырау қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракция мүшесі - Құрманов Нұрбол Оразбайұлы сөз алып, Жолдаудың 10 бағытына тоқталды, жиынның басты мақсаттарын айқындап берді. Сонымен қатар, Елбасы жолдауында көтерілген мәселелердің қазіргі уақыттағы өзектілігі жөнінде сөз қозғады. Қазақстанның, болашақтағы мығым, бәсекеге төтеп бере алатын елге айналуы үшін, жас буынның алатын ерекше орнын атап өтті.

Сонымен қатар, Инженерлік – техникалық факультет деканының орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі Усербаева Мақсат Кемаловна «Үш тұғырлы тіл саясаты - елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі» тақырыбындағы және Атырау инженерлік гуманитарлық институты колледжінің оқытушысы, филология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі Кумарова Гаухар Еркінқызы «Аграрлы ғылымды дамыту» тақырыбындағы баяндамаларын ұсынды.

Жиынға қатысушы институт оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері биылғы Елбасы Жолдауына деген өздерінің оң көзқарастарын білдіріп, Жолдауды қолдайтындарын білдірді.

Жиын соңында хаттама толтырылды.