Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

20180112_111405(0).jpg
DSC04629.jpg
DSC04625.jpg
DSC04636.jpg
DSC04637.jpg

2018 жылдың 12 қаңтар күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында оқу орнының басшысы Ихсанов Ерсайын Уалитханұлының нұсқауымен үлкен жиын өтті.

Жиын мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауын институт профессор-оқытушылары мен студенттері арасында насихаттау.

Жиынның ашылуында институт Ректоры, ф-м.ғ.д., Ихсанов Е.У. алғы сөз сөйлеп, жиын күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз кезегін баяндамашыларға берді:

 

Жаулин Кикбай Мыңбайұлы - саяси ғылымдарының докторы, профессор, институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие жөніндегі проректоры - «Елбасы жолдауы болашаққа деген сенімді нығайтар жол»:

«Қазақстан халқы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларынан тың жаңалықтар күтіп, болашаққа деген сенімдері мен үміттерін ұштай түсетіні қалыпты жағдай. 

Өйткені, бұл жолдауларда ел дамуының жаңа межелері белгіленіп, халықтың әлеуметтік-рухани жаңғыруының көкжиектері айқындала түсетіні сөзсіз. Мысалы, өткен жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруына қол жеткізу, цифрлы техологияны қолдану, жаңа индустрияларды өркендету, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторын дамыту, цифрлы индустрияны жеделдету арқылы Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті елге айналдыру міндеттерін қойғаны есімізде. Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа міндеттері» Жолдауында осы міндеттерді одан әрі жалғастыру бағдарланып отыр. Елбасы осы арада он түрлі міндетті алға қояды. Ол Қазақстанның индустриясын ең жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналдыру, өндірістік үдерістерді цифрландыру арқылы өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру, ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану, өндіріске ақпараттық технологиялық шешімдерді батыл енгізу, агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру, көлік пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту міндеттерін қамтиды. Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға тқтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050- ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегисы жүзеге асырылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші  жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс- шаралар жүргізуде. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы қабылданды,- деді президент өз мәлімдемесінде. Мемлекет басшысы адамзат баласының жаңа өнеркәсіп революция дәуіріне қадам басқанын және замануи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын атап өтті.  "Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын- қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Бұл әлемнің дамыған  әлемнің дамыған 30 елдің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігіміз деді  Елбасы" Сондай-ақ Жолдауда рухани-әлеуметтік мәселелер де орынды қозғалып отыр. Айталық, соның бірі – адам капиталының жаңа сапасы туралы мәселе. «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет», деген Мемлекет басшысы одан әрі бұл міндетті шешудің жолдарын нақтылай түседі. Соның ең бастысы білім беру бағдарламаларын өзгерістерге үнемі бейім және жаңа білімді меңгертуге бейімдеу болып табылады.

Жолдауда жоғары білім беру жүйесіне қатысты көптеген жаңа міндеттер айқындалып отыр. Мұнда, әсіресе, ақпараттық технологиялар бойынша білім беруді барынша дамыту, жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттігі айтылды. Осы арада оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет деді Елбасы.

 

Касенов Сұлтанбек  Габбасұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, Инженерлік – техникалық факультет деканы - «Кәсіби білімді адам капиталын қалыптастыру»:

«ХХІ ғасырдағы адами дамудың жаңа бағытын айқындайтын, қоғамдық прогрестің маңызды интеллектуалды факторы болып табылатын адам капиталын қалыптастыру – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауындағы нақтыланған Қазақстан қоғамын әлеуметтік модернизациялаудың басымдығы болып табылады. Адами капиталды қалыптастыру халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға инвестиция салумен тікелей байланысты. Инвестициялар қоғамның әлеуметтік құрылымының барлық элементтеріне бірдей әсер етіп, одан әрі дамуына жағдай жасайды. Олар мемлекеттік бюджет, әртүрлі қорлар, арнайы салымдар арқылы дамыған инфрақұрылымды жасап, еңбекақының, кірістің өсуіне, білімнің тереңдеп, денсаулықтың жақсаруына, сөйтіп қазіргі жаһандану процесіне ілесе алатындай бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Адам капиталына инвестиция жасау, басқа инвестициялар тәрізді адамның аз мөлшерде қаржы жұмсап, оны болашақта көп мөлшерде өндіріп алуды көздейді. Демек, бүгінгі күні қоғам адам капиталына қаншалықты көп салым салса, болашақта соншалықты табысқа, тұрақтылыққа, белсенді дамуға ие болады. Ол салымдардың негізгі түрлері ретінде жоғары аталған білім, өндірістік даярлық, денсаулық сақтау, көші-қон, еңбек нарығында ақпарат іздеу, балалардың туылуы және тәрбиесі саналады. Білім мен өндірістегі тәжірибе адам капиталының көлемін ұлғайтады, денсаулық сақтау оның «қызметінің» мерзімін ұзартады, көші-қон және еңбек нарығындағы ақпарат іздеу оның қызмет көрсетуінің бағасын көтереді, ал балалардың туылуы мен тәрбиесі оны келесі ұрпақта өндіреді. Қазақстан қоғамындағы адами капиталдың сандық және сапалық сипаттамалары және адам капиталын қолдану тиімділігін жүйелі ғылыми талдау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Адами капиталды жинақтау процесінің теориялық және практикалық мәні сонымен қатар, оның экономикаға, жалпы қоғамға әсері теориялық сипатта толық зерттелмеуі бізге ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.

«Адами капитал» термині мемлекет экономикасының сапалық аспектісін анықтайды. 1979 жылы Нобель сыйлығын алған ғалым, батыс экономисі Теодор Шульц әлсіз дамушы елдердің қиын жағдайын зерттей отырып, кедей адамдардың молшылық жағдайын жақсартуы жерге, техникаға емес, білімге байланысты деген қорытынды жасады. Ол «барлық адами қабілеттер туа біткен немесе қол жеткен болып табылады. Әрбір адам туа біткен қабілеттерін анықтайтын жеке гендерлік кешенмен дүниеге келеді. Адамның жинақтаған құнды қасиеттерін адами капитал деп атаймыз» деген анықтаманы ұсынды Адами капитал теориясының жақтаушылары мұны тар және кең ракурсте қарастырады. Тар мағынада капиталдың формаларының бірі білім болып табылады.

Дамудың негізгі факторлары ғылыми және инновациялық қызмет, білім, денсаулық сақтау, кәсіби және шығармашылық әлеуетті жоғарылату, ақпараттық технологиялар болып табылады. Адами капитал – әр кезеңде өзгеріс жағдайында болатын күрделі, жылжымалы құрылым. Әсіресе ірі өзгерістер соңғы ғасыр ширегінде болды. Әлеуметтанулық әдістер бойынша адами капиталдың ұдайы өндірісі мынадай факторларға байланысты: біріншіден, адамдардың білімге деген қолжетімділігінің тең болмауы, білім алушының тұрғылықты мекені, қаржылық капитал; екіншіден, адамдардың қабілеттері, генетикалық факторлар; үшіншіден, гендер, этникалық және ата-анасының адами капиталы, отбасының әлеуметтік-мәдени капиталы сияқты әлеуметтік факторлар. Сонымен, адами капитал дегеніміз: интеллект, білім, қабілет, денсаулық, өндірістік және сапалы еңбек , өмір сапасы, басқалар.

Адам капиталының құрылымы: тәрбие, білім, денсаулық, ғылым, жеке қауіпсіздік, кәсіпкерлік қабілет, элитаны даярлауға инвестиция, ақпараттық қызмет және басқалар.

Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл- күйлеріне байланысты. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі қарсаңындағы адами капиталдың ұдайы өндірісі қоғам үшін аса маңызды. Сол себепті, әлі де теориялық тұрғыда ғылыми-жүйелі талдауды, практикада қолданбалы, эмпириялық зерттеулерді талап етеді.»

 

Усербаева Мақсат Кемаловна - Инженерлік – техникалық факультет деканының орынбасары, педагогика ғылымдарының  магистрі - «Үш тұғырлы тіл саясаты - елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі»:

«Үш жұрттың тілін білген өзгелерден оқ бойы озық тұрар» деп заманының заңғар тұлғасы А.Байтұрсынов айтқандай, Қазақстан  Республикасы  Президенті Н.А.Назарбаев білім беру жүйесінің алдына бірнеше тіл меңгерген, бәсекеге қабілетті маман  даярлауды  міндеттеді. Президенттің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан»атты Жолдауында «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын   жүзеге асыру ұсынылды және осыған сәйкес үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің, ұлтаралық қатынас тілі ретінде  орыс тілінің және әлемдік экономикаға  үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілінің дамуының қажеттілігі атап көрсетілді.

Үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Ағылшын тілін мәдениетаралық байланыс құралы ретінде оқыту, өз бойына төл мәдениеті мен бөгде мәдениетті дарытқан мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсуге дайын тұлғаны қалыптастыру қазіргі заманғы қоғамның жаңа әлеуметтік тапсырысы болып айқындалуы ағылшын тілінің оқу пәні ретінде статусының өзгеруіне өз ықпалын тигізуде.

Оқу орындарында оқытылатын ағылшын тілі кәсіби бағыттағы сипатқа ие болғандықтан, оның міндеттері белгілі мамандықтар бойынша даярланатын маман кадрларының коммуникативтік және танымдық қажеттіліктерімен анықтала келіп, мынадай құрамдас бөліктерден тұратыны белгілі:

  • коммуникативтік іс-әрекет салалары, тақырыптар және шетел тіліндегі тілдесім жағдаяттары;
  • тілдесім құралдары (лексикалық бірліктер, грамматикалық тұлғалар және құрылымдар, тілдесім орамдары);
  • әлеуметтік-мәдени және лингваелтану білім негізі бар жанр, стиль, мазмұны жағынан әртүрлі сипаттағы мәтіндер және кәсіби білімнің кейбір элементтері;
  • сөйлеу әрекетінің ауызекі және жазба түрлеріндегі тіл материалдарын тыңдап түсіну және қолдану;
  • болашақ маманның қызмет саласы бойынша шетел тілінде ауызша және жазбаша тілдесе білуі.

Ағылшын тілін меңгеру жеке мақсат емес, қазіргі заманғы маманды кәсіби негізде даярлаудың және оның болашақ қызметінің табысты болуының бірден-бір кепілі болып табылады.    

шетел тіліндегі кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіру қабілетін жүзеге асыру.

«Ел болам десең- бесігіңді түзе»,- деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, ана сүтімен дарыған ана тілінің рухын асқақтатын, заман табына сай орыс, ағылшын тілінде жетік сөйлейтін жас ұрпақ – ертеңгі еліміздің қарқынды дамуына өз үлестерін қосатын азаматтар. Міне, осындай алғыр да батыл, қабілетті де дарынды жастарды тәрбиелеу – бүгінгі тәрбиешілер мен ұстаздар қауымына жүктелген үлкен міндет. «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында ең алдымен қабілетті жастарды анықтап, олардың талантын ұштап, дем беріп, сенім артып, қолдау көрсету де білім беру жүйесінің міндеті. Міне, осындай ел игілігі үшін атқарылып жатқан игі істердің басында 85 жылдық тарихы бар, облыстың білім беру жүйесінде өзіндік орны бар, ұстаздар қауымының алтын ұясы - қара шаңырақ Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі де өз үлесін қосып отырғанын мақтанышпен айта аламыз.»

 

Кумарова Гаухар Еркінқызы Атырау инженерлік гуманитарлық институты колледжінің оқытушысы, филология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі «Аграрлы ғылымды дамыту»:

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын арнап, тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді. Жылдағы дәстүр бойынша биылғы Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталды.

Жолдауда «ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет» деп атап көрсетіледі. Трансформация шеңберінде аграрлық ғылымның, білімнің және өндірістің интеграциясын, экономиканың аграрлық саласына инновациялық технологияларды енгізу. Осы орайда ауыл шаруашылығында шешуге көзделген бірқатар мәселелер еске түседі.

  • ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мен инвестиция таратуды (субсидиялау, несиелендіру, салық салу, мемлекеттік және жеке инвестициялар және т.б.) қайта қарастыру;
  • ауылшаруашылық дақылдарының және жануарлардың өнімділігін арттыру үшін аграрлық ғылымды дамыту және ғылыми-зерттеу нәтижелерін енгізу, инновациялық технологиялар мен жаңа білімді трансферттеу;
  • климаттың өзгеруіне байланысты өндірістік тәуекелдерді басқару.

Елбасы айтқандай жаңа технологияларды трансферттеумен отандық жағдайға бейімдеу отырып Жоғарыда аталған стратегиялық мәселелерді кешенді тәсіл негізінде шешу агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға және халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни барлығын ауылдан бастап, тәжірибе ретінде пайдалануға болады. Бұл дегеніңіз тәжірибемен қатар ауылды дамытуғада үлкен септігін тигізер еді.

Осы орайда үлкен бір ой туындайды. Неге біздің ұлттық тағамдарымызды, отандық өнімдерімізді нарыққа шығарып, шетелге экспорттамасқа?  

Сонымен қатар жолдауда «аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек.Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс. Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық біліммен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу керек» деп атап көрсетілді. Бұл ретте осы мамандарды дайындайтын оқу орындары еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекелестікке қабілетті жасампаз және заманауи ойлай алатын мамандарды дайындауға барлық жағдайды жасауы қажет. Ол үшін ғылым-білім инфрақұрылымын дамыту керектігін және жоғары білікті, құзіретті маман әлеуетін қалыптастыруы тиіс. Осы орайда білім алушыларды агроқұрылымдарда бизнес жасауға дағдыландырған жөн деп білемін

Мықты маман дайындау, жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіптің ғылымға негізделуін арттырады. Міне, маманды дайындағаннан кейін түрлі жаңа технологияны пайдаланып ауылшаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету керек. Осылайша ауыл шаруашылығын қарқынды дамытып, жоғарыда айтылған ұлттық тағамдарымызды, Отандық өнімдерімізді нарыққа шығарып, Елбасы айтқан әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастыруымыз қажет.»

Осындай ретте баяндамашылар биылғы Елбасы Жолдауына деген өздерінің көзқарастарын білдіріп, институт оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері Елбасы Жолдауын қолдайтындарын білдірді.

Жиын соңында хаттама толтырылып, қаулы қабылданды.