Тіл – сөйлесу құралы

2018 жылдың 15 ақпан күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Тіл – сөйлесу құралы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Шараның ашылуында Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректор, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы алғы сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелді модератор ретінде «Шет тілдер» кафедрасының аға оқытушысы Н.У. Умбеткалиева жүргізіп отырды.

Аталған шара қазіргі қоғамдағы тілге қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналды. Шараның өту барысында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенті Раджапова Севара “Language as a tool of communication” тақырыбында, «Информатика» мамандығының 1-курс студенті Сүйіндікова Айназ “Язык как актуальное средство общения” тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелдің жүру барысында тіл туралы қызықты мәліметтер айтылып, «Кім жылдам?» ойыны мен ситуациялық тапсырмалар жүргізілді.

Дөңгелек үстелді институттың Бірінші проректоры, п.ғ.к., профессор Мұхтаров Мұстахим Харенұлы қорытындылады.