Тұңғыш Президент күніне арналған семинар өтті

1 - желтоқсан күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Тұңғыш Президент күніне арналған семинар өтті.

Семинардың мақсаты - Жас ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; Елбасының халқына сіңірген еңбегін, жүргізген саясатын үлгі ету. Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Шараның ашылуында Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректор, с.ғ.д., профессор К.М. Жаулин алғы сөз сөйледі.

Атаулы шараға Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының 1-2 курс студенттері қатысты.