Хабарландыру

2018 жылдың ақпан айында ҚР Білім және ғылым Министрлігі «Болашақ» Қауымдастығымен бірігіп «Startup Bolashak 3 сезон: Менің Арманым» стартап-жобалар конкурсын енгізді.

Конкурс мақсаты - өмір сапасының стандарттарын жақсартуға, озық білім мен технологияларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне көшіруге бағытталған жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларын қолдау.

Атырау облысында байқаудың іріктеу кезеңі 2018 жылдың 23-25 наурызына жоспарланған. Өткізу орны - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті.