Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау

DSC05599.JPG
DSC05601.JPG
DSC05604.JPG
DSC05608.JPG
DSC05606.JPG

2018 жылдың 20 наурызында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының мәжіліс залында, институттың профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен жиын өтті.

Жиын мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау.

Жиын басында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Бірінші  проректоры, п.ғ.к., профессор, М.Х.Мұхтаров сөз алып, жиынның күн тәртібін бекітті.

Кіріспе сөзінде Мұстахим Харенұлы Қазақстан көлемінде жүргізілгелі отырған Елбасының БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫНДА көрсетілген жұмыс түрлеріне тоқталып, сөз кезегін Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректор , с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлына берді.

Өз кезегінде Киікбай Мыңбайұлы «5 әлеуметтік бастама – Елбасының халқына ерекше қамқорлығы мен жанашырлығының айқын көрінісі» тақырыбында баяндама жасап, өзінің азаматтық позициясын айқындап, Елбасы бастамаларының бүгінгі өзекті мәселелерге арналғандығына мән бере сөйледі. Елбасы бастамаларының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына зор көмегін тигізетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағыты бойынша алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізілетіндігін алға тартты.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты, Инженерлік –техникалық факультет деканының орынбасары, магистр Өсербаева Мақсат Кемалқызы да «Ел сенімін ақтайтын – бес бастама» тақырыбындағы баяндама төңірегінде сөз қозғап, Президенттің бастамаларын елдің әлеуметтік мүдделерін ақтайтын сарабдал саяси бағдарлама екендігін айтып өтті.

Жиын барысында оқытушы-профессорлар құрамы Елбасы бастамалары бойынша азаматтық көзқарастарын білдіріп, өзара пікір алмасты.

Жиын соңын институттың Бірінші  проректоры, п.ғ.к., профессор, М.Х.Мұхтаров қорытындылады, жиынның хаттамасы толтырылып, қаулы қабылданды.