Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабымен танысу кеші

DSC05657.jpg
DSC05661.jpg
DSC05662.jpg
DSC05665.jpg
DSC05674.jpg
DSC05671.jpg
DSC05679.jpg
DSC05684.jpg
DSC05686.jpg

30 наурыз күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқу залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабымен танысу кеші өткізілді.

Кеш модераторы -  Ғылым және xалықаралық байланыстар жөніндегі проректор, с.ғ.д. профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы:

«Құрметті профессор- оқытушылар, студенттер! Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы жарыққа шықты.

Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Елбасы : «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап береді.

Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Нақтырақ айтқанда, «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар)» бөлімдері оқырман қауымның назарына ұсынылып отыр. Кітапта әр бөлімнің өзі бірнеше бөліктерге бөлінген. Олардың да атауларына зор мән беріліп, жаңа тарихымыз бен қазақстандық құндылықтардың дәуірлік оқиғалары нақты әрі дәл суреттелген. Атап айтқанда, «Тарихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «Басты құндылығымыз - бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай...», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу» және т.с.с. бөлімдерде еліміздің жарқын сәттері бүге-шүгесіне дейін баяндалады. Тәуелсіздік заманы Қазақстан үшін ғасырлар жүгін арқалаған ғаламат дәуір. Соның бәрінде елі үшін туған Елбасы Қазақ елін әлемдік қауымдастықтың ең алдыңғы қатарына шығарды. Қазақстан - бүгінде іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, өз жолын, өз болашағын айқындаған, әлемдік қауымдастық алдындағы беделі биік, үш бірдей жаңғыруды ойдағыдай өткізе білген абыройлы мемлекет. Оның туған халқын замананың сан алуан сынынан аман алып шығып, биіктен биікке бастап келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлындай кемеңгер басшысы .

Кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген.» - деп сөз сөйлеп, институт кітапханасына Елбасы кітабын салтанатты түрде табыстады.

Кеш барысында  «Біздің ортақ шаңырағымыз, туған Отанымыз – Қазақстан Республикасы», «Тағылымы терең туынды», «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті -Нұрсұлтан Назарбаев» тақырыбында баяндамалар оқылды.