Таусылмайтын әңгіме: Махаббат – мәңгі ертегі

2018 жылдың 12 сәуірінде АИГИ белсенді студенттері  ұлттық ғашықтар күні - Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне арналған «Таусылмайтын әңгіме: Махаббат – мәңгі ертегі» атты мерекелік кеш өткізді.

Мақсаты – жастар арасында халқымыздың інжу - маржан қазынасы халық ауыз әдебиетінің алтын арқауы саналатын, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн, Естай мен Қорлан махаббат жырларындағы  асыл образдардың  адамгершілік парасаттылығын, адалдығымен насихаттау.

Мерекелік кештің салтанатты ашылуында Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының Ғылыми-зерттеу, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы алғы сөз сөйледі. 

Студенттер сахнада поэзиялық көркем шыармалар оқып,  Ретро стилінде би билеп, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін көріністер көрсетіп, ән шырқап өз өнерлерін ортаға салды.  Мерекелік концерт әсем әнмен аяқталды.