Студенттік көктем - 2018

27 сәуір күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған дәстүрлі «Студенттік көктем - 2018» фестивалі өтті.

Оның ашылу салтанатында институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы және «Жастар таңдауы - Атырау» қоғамдық бірлестік маманы Әділгереев Сағдат алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Фестивальда институтымыздың талантты студенттері төмендегідей номинациялар бойынша өнер көрсетті:

 

І. Патриоттық ән немесе эстрадалық ән номинациясы бойынша:

  1. Жумажанов Шымболат  - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 2-курс студенті;
  2. Сисенбаев Мухаммад - «Мұнай-газ ісі» мамандығының 2-курс студенті;
  3. Оканов Қонысбек - «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенті; Базарбаева Альфия – «Құрылыс» мамандығының 2-курс студенті;
  4. Утегенов Алтынбек - Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-курс студенті;
  5. Зинекенов Райымбек - «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті

 

ІІ. Ұлттық би немесе заманауи би номинациясы:

  1. Ахметов Қамбар «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-курс студенті,
  2. Амангелдиев Бекболат – «Құрылыс » мамандығының, 2-курс,
  3. Уткельбаев Даурен - «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-курс студенті,
  4. Қаберов Нұрбол - «Құрылыс » мамандығының 2-курс,
  5. Жапарова Жұлдыз – «Қаржы» мамандығының 2 -курс;

 

ІІІ. Астанымыздың 20 жылдығына арналған туынды :

  1. Оканов Қонысбек - «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенті;
  2. Базарбаева Альфия – «Құрылыс» мамандығының 2-курс студенті; 

 

Өткізілген шара соңында Тәрбие бөлімінің басшысы, АИГИ Жастар комитетінің төрайымы Тугельбаева Алтынай Төлегенқызы студенттер өнеріне оң пікірін айтып, өз алғысын білдірді.