АИГИ-да 2017 жылдың 18 мамыр күні «Түлектер жәрмеңкесі» өтті.

IMG-20180518-WA0027.jpg
IMG-20180518-WA0026.jpg
IMG-20180518-WA0028.jpg
IMG-20180518-WA0031.jpg
IMG-20180518-WA0035.jpg
IMG-20180518-WA0037.jpg
IMG-20180518-WA0039.jpg
IMG-20180518-WA0045.jpg
IMG-20180518-WA0046.jpg
IMG-20180518-WA0047.jpg
IMG-20180518-WA0048.jpg
IMG-20180518-WA0049.jpg
IMG-20180518-WA0050.jpg

Атаулы шараның ашылуында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, ф-м.ғ.д, профессор Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы алғы сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, институттың қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, ғылыми – зерттеу жұмыстарымен үздіксіз ізденіп, үздік білімінің нәтижесінде ректор грантын иеленген «Экономика» мамандығын бітіруші түлегіміз Утегенова Айжан сөз сөйледі.

Ұйымдастырылған  түлектер жәрмеңкесіне қаламыздың экономика, қаржы, өнім өндіру, мұнай-газ саласы, стандарттау және т.б. салалар бойынша кәсіпорындары мен мекемелерінің өкілдері шақырылған болатын.

Жәрмеңкеге 20-дан астам жұмыс беруші қатысып,өз тараптарынан институттың бітіруші түлектеріне бос орындарға жұмысқа орналасудың шарттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Дәстүрге айналған бұл үрдіс түлектердің жұмыспен қамтылуларына үлкен мүмкіндік береді деген сенімдеміз.