«ХХІ ғасырда инновация және ғылымның дамуы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2018 жылдың 31-мамырында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «ХХІ ғасырда инновация және ғылымның дамуы»  тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның ашылу сәтінде институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М. Жаулин сөйлеп, бұл іс-шараның басты мақсаттарына тоқталды.

Аталған  ғылыми-тәжірибелік конференциясының жалпы жүру барысында: пленарлық мәжіліс, секциялық мәжілістер мен қорытынды мәжіліс өтті.

Секциялық мәжілістер өзара: №1 Инновациялық мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы экономика ғылымының ролі; №2 Көптілділік құзыреттілігі – жаһандау жағдайында маманның бәсекеге қабілеттілігінің факторы; №3 Инженерлік – технологиялық проблемаларды шешудің инновациялық жолдары секциялары болып бөлінді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісінде институттың Ғылыми, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М. Жаулин сөз алды. Өз сөзінде профессор Киікбай Мыңбайұлы: 

«Бүгін Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «ХХІ ғасырда инновация және ғылымның дамуы»   тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткелі отыр. «ХХІ ғасырда инновация және ғылымның дамуы»    атты   ғылыми- тәжірибелік конференцияға қош келдіңіздер! Қоғамда үлкен серпіліс туғызып, қызу талқыланып жатырған  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы еліміз үшін жаңа кезеңге ауқымды жол ашып отыр. Расында, ХХІ ғасырда кескін-келбетімізді сақтап, ұлттық мәдениет, тарихи жадыны жаңғырту еліміздің рухани өмірінде адастырмайтын темірқазық іспетті бағдар екені белгілі» деп конференцияға қатысушыларға бағдар берді.

Келесі сөз кезегінде Инновациялық технологиялар және лабораториялық зерттеулер  орталығының директоры, т. ғ. к. Ликаров Мұрат Ликарұлы «Применение цифровых контрольно-измерительных приборов в теплообменниках технологического процесса нефтеперерабатывающего предприятия» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

Сонымен бірге, аталған пленарлық мәжілісте институттың оқытушылары, нақтылай айтсақ, ««Цифрлы қазақстан» бағдарламасы 4 бағыты бойынша жүзеге асыру» тақырыбында «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Нұржанова Шарбат Сагидоллақызы өз баяндамасын ұсынса, «Шетел тілдер» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ығылова Асель Құрманғазықызы «Көптілділік құзыреті – жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады» тақырыбы бойынша шығып сөйледі.

Пленарлық мәжілістен соң, өз жұмыс кестесіне сай әр аудиторияларда: №1 Инновациялық мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы экономика ғылымының ролі; №2 Көптілділік құзыреттілігі – жаһандау жағдайында маманның бәсекеге қабілеттілігінің факторы; №3 Инженерлік – технологиялық проблемаларды шешудің инновациялық жолдары секцияларына сәйкес мәжіліс өтіп, оқытушы-профессорлар дайындаған ғылыми баяндамалары тыңдалды.

Секциялық мәжілістерден соң, конференцияның қорытынды бөлімінде ғылыми баяндамалары үздік деп танылған оқытушылар Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, профессор  Е.У. Ихсановтың «Алғыс хатымен» марапатталды:

 

№1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ РОЛІ секциясы бойынша:

1. «Қазақстан  Республикасындағы  инновациялық  дамудың   экономикаға  әсері»

Сұлтанғалиева Р. Қ. – экономика ғылымдарының магистрі, Атырау инженерлік-гуманитарлық  институты;

2. «Қазақстан Республикасындағы инновациялық дамудың экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі»

Тугельбаева А.Т. - экономика  ғылымдарының магистрі, Атырау инженерлік- гуманитарлық институты;

 

№2 «КӨПТІЛДІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ – ЖАҺАНДАУ ЖАҒДАЙЫНДА МАМАННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ФАКТОРЫ» секциясы бойынша:

1. «Латынға көшу -  заман талабы»

Байжасарова Қ.Қ. - Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

 

2. «Тәуелсіз еліміздегі білім мен ұлттық тәрбие»

Өтегенова Г.Б. – педагогика ғылымдарының магистрі, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты.

 

№3 «ИНЖЕНЕРЛІК – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ» секциясы бойынша:  

1. «Язык python и его приложения»

Сейтов М.Ж.-Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

2. «Инженерлік- технологиялық проблемаларды шешудің инновациялық жолдары»

Джумабаев  М.Л- Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

 

Конференцияны қорытынды сөзімен, институттың Ғылыми, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М. Жаулин аяқтады.