«Ұлт болашағы – ой еркіндігінде» атты студенттер арасындағы қалалық дебат турнирі

2018 жылдың 17 қараша күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Ұлт болашағы – ой еркіндігінде» атты студенттер арасындағы қалалық дебат турнирі өтті Турнирге 12 фракция қатысты. Ойын  БПФ, АПФ, ЛД форматында өтті.

Турнир қарарлары:

1.БП Қоршаған ортаның қауіпсіздігі экономикалық дамудан жоғары деп есептейді

2.БП Қылмыс саны басым елдерде азаматтарға қару-жарақ ұстауға рұқсат береді

3.БП Студенттердегі кредит жүйесін қоғамдық жұмысқа алмастырады

4.БК Регресс прогресске  әкеледі деп есептейді

5.БК БҰҰ КҚ-нің тұрақты мүшелерін вето құқығынан айыру керек деп есептейді

Дабаттық турнир жоғары деңгейде өтіп, төрешілердің шешімі бойынша мынадай қорытындымен аяқталды.

1-орын иегері – «MadZ» фракциясы («Эверест» пікірсайыс клубы) АГК

Өтесінқызы Балғара

Жасенова Алтынай

2-орын иегері – «Бүгіннен баста» фракциясы («Сенатор» дебат клубы) АтГУ

Сәбит Әділет

Закарияев Бекарыс

3-орын иегері – «Ғибрат1» фракциясы («Ғибрат» пікірсайыс клубы) АУНИГ

Шотаева Дильнора

Охасова Данагүл

«Үздік спикер» номинациясының иегері – Мұғалімов Жансерік (БҚМУ)

«Үздік төреші» номинациясының иегері – Абдолла Бибірахима (АИГИ)