АИГИ -да «ҚР Конституциясы тәуелсіздіктің негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

29-тамыз күні АИГИ мәжіліс залында «ҚР Конституциясы тәуелсіздіктің негізі» атты дөңгелек  үстел өтті.

Атаулы шараға институттың профессорлық-оқытушылар құрамы, ҚХА ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этно-мәдени бірлестіктің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде институт проректоры, п.ғ.д., профессоры Хасанова Жамиляш Садыққызы іс-шара бағытын айқындап, спикерлерге сөз кезегін жалғастырып отырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университет профессоры, т.ғ.д. Бердыгужин Лесқали Базарғалиұлы баяндама жасады.

 Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, шағын диспут жүргізілді.