АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТҚА ҚАТЫСТЫ

2018 жылдың 14 қарашасында Атырау инженерлік-гуманитарлық институты  Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктантқа қатысты.

Мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің  негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.

Ұзақтығы 30 минутқа созылатын, 80-90 сөзден тұратын латын графикасындағы аудиожазбалық диктантқа институт бойынша  28 оқытушы, 485 студент қатысты.

Диктант тексерісінің нәтижесінде институт профессор-оқытушылары мен студенттерінің латын графикасы бойынша сауаттылық деңгейінің жоғары көрсеткіштерде екендігі анықталды.