Дөңгелек үстел

2018 жылдың 12 қарашасында  Инженерлік-техникалық пәндер кафедрасы  «Құрылыс»  және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтарының 3-курс студенттерімен бірігіп Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТАНЫҢ ӨСУІ ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелді алғы сөзбен  Инженерлі-техникалық пәндер кафедрасының деканы, магистр А.Т.Досниязов ашты.  Абылай Тұрсынұлы  Жолдауда білім беру сапасы, жоғары оқу орындары түлектерінің қабілеттілігі, олардың қоғамда сұранысқа ие болуы туралы сөз қозғап,  қазіргі уақытта  жастар білімі мен қабілеті елімізде және халықаралық деңгейде сұранысқа ие болуға тиіс екендігін баса айтты.

«Құрылыс» мамандығының 3-курс  студенті Мизамов Азамат  Елбасының  Жолдауын халықтың ыстық ықыласпен қабылдағанын және өзінің жолдауды қолдайтынын айта келе, соның ішінде құрылысшы мамандығының мәртебесіне тоқталып өтті.

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 1-курс студенті Бисембаева Асем келесі жылдың  «Жастар жылы» деп жариялануының арқасында, жастарға жаңа идеяларды жүзеге асыруға көп мүмкіншілік жасалатынына сенімін білдірді.

Жолдау бойынша өз пікірін білдіруге сөз алған 3-ші курс студенті Қаберов Нұрбол және Ибатуллаева Дамира студенттерді жоғары оқу орнын табысты аяқтап, жалақысы жоғары жұмыс орнына орналасып кетулеріне тілектестік білдірді.

Талқылау  барысында студенттер мен оқытушылар жаңа сипаттағы биылғы Жолдаудың мазмұнын саралап, халықтың әлеуметтік келешегін қамтамасыз ету Елбасы саясатының басты бағыты деген түйінге келді.