ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУЫНДА КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында  12-желтоқсан күні Кеден органдары қызметкерлерінің күніне арналған «Еліміздің дамуында кеден органдары  қызметінің орны мен маңызы» тақырыбындағы  арнайы мамандармен кездесу өтті.

Мақсаты: еліміздің дамуында кеден органдары қызметінің, кеден ісі саласының маңызын айқындау,  Кеден органдары  қызметкерлерінің өкілеттілігі туралы түсінік беру, студенттердің өз мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік  сезімін ояту. Сонымен бірге, кеден органдарының Қазақстанда құрылу тарихы,   кеден органдарының негізгі қызметтеріне тоқталу.

Студенттермен кездесуге  заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Кеден қызметінің ардагері Садықов Алмас Жасенұлы , Атырау облысы бойынша Кірістер департаменті, Кедендік бақылау басқармасының басшысы  Әбсиметов Арман Болатұлы, Атырау облысы бойынша Кірістер департаменті, «Атырау -Әуежай» кеден бекеті басшысының орынбасары  Ерекенов Еммат Әтиғоллаұлы, Атырау облысы бойынша Кірістер департаменті, Кедендік бақылау басқармасының бас маманы Алимов Артур Кенжебаевич келді.

Кездесу барысында студенттер  көптеген пайдалы мағлұматтар алып, шақырылған мамандарға өз сұрақтарын қойып, шара соңы ашық сұхбатқа жалғасты.