Студенттер Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылау

2018 жылдың 14 қараша  күні АИГИ-де «Кеден ісі» мамандығының 1-4 курс студенттері арасында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының талқылауы өтті.

Студенттерді Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары мен басымдықтары және міндеттерімен «Экономика және кеден ісі» кафедрасының оқытушысы, магистр А.Б. Ермекбаева таныстырды. 

Атаулы шараға  «Экономика және кеден ісі»  кафедрасының оқытушылары мен студенттер құрамы толық құрамда қатысып,  өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдіріп отырды.