«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастар ұйымдарының рөлі» атты Үздік эссе байқауы өтті

Қыркүйек айының 10-шы жұлдызында  Атырау инженерлік –гуманитарлық институтында студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда  жастар ұйымдарының рөлі» тақырыбында Үздік эссе байқауы өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша «Қаржы» мамандығының 3-курс студенті Молдиева наргиздің жұмысы Үздік деп танылды.

Сонымен бірге атаулы байқауда Аймақова Мадина («Экономика» мамандығы 3-курс), Асылбекова Индира («Қаржы» мамандығы 3-курс), Ахметов Қамбар («Автоматтандыру және басқару» мамандығы 3-курс) Алғыс хаттарын иеленді.