ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауын талқылау

2018 жылдың 14 қарашасында Атырау  инженерлік – гуманитарлық институтында «Автоматтандыру  және  басқару» мамандығының студенттері жиын өткізіп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауын талқылады.

Жиынның жүру барысында топ кураторы Д.И.Низамеденова Жолдаудың басымдықтары мен бағыттарын айқындай отырып, студенттер пікіріне кезек берді.

«Автоматтандыру  және  басқару» мамандығының  студенттері Хамидоллаев Бейбарыс, Өтегенов Алтынбек Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласы бойынша өздерінің пікірін еркін білдіріп отырды.

Жолдаудың өзектілігі білім алушылардың дайындаудың сапасын арттырумен белгіленген. ЖОО-н бағалаудың ең басты критериясы-бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмыс орындарына орналасу деңгейі. Жолдаудың жетінші бағытында жаппай спортпен және дене шынықтырумен айналысуға өңірлік деңгейде қол жетімділікті қамтамасыз ету міндеті аталып өтті.

            Студенттерге Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялау ұсыны қатты ұнады. Олардың ойынша осы Жолдау нәтижесінде жастардың өзекті мәселелері шешіледі, спорт және мәдени-тәрбиелік  шаралар ұйымдастырылмақ. Болашақта жастарды жұмыспен қамту және спортты дамытуға көптеген шаралар ұйымдастырылатын болды.

            Осы талдау барысында топ студенттері елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқыға салды, қолда бар ресурстардың тиімсіз қолданылу нәтижелері бойынша ортақ пікірлер айтылды және мемлекеттік құрылым қызметі мен т.б қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыыныстарда аталды.Талдау нәтижесінде қоғам алдындағы мінддеттерді қолдау және болашақ буынның патриоттық сезімін дамытуды қолдау қажеттіліктері бойынша қорытындылар жасалды.

Жиын соңында хаттама толтырылып, қаулы қабылданды.