ТЕҢГЕ СЫЛДЫРЫ ТЕРБЕГЕН КҮН

13 қараша күні «Экономика және кеден ісі» кафедрасының ұымдастыруымен Ұлттық валютаның 25 жылдығына арналған  «ТЕҢГЕ СЫЛДЫРЫ  ТЕРБЕГЕН КҮН» атты арнайы мамандармен кездесу өтті.

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру; студенттердің  іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту болып табылады.

Студенттермен кездесуге  Экономист-заңгер Садықов Алмас Жасенұлы , «Dana Group»ЖШС-нің қаржы бөлімінің жетекшісі Мұхтаров Асылбек Серікұлы, Жас тарихшы Өмірзақов Әділбек Талғатұлы, «Қазпошта» мекемесі қаржы бөлімінің маманы Муханалиева Руслана Ануарбекқызы келді.

         Атаулы шараны  Алғы сөзбен «Экономика және кеден ісі» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымының кандидаты, доцент  Молдашева Анар Қуанғалиқызы ашты.

Кездесу барысында студенттер Ұлттық теңгенің жалпы тарихымен оның маңыздылығын, қай уақыттан бастап айналымға шыққандығын, алғашқы банкноттар жайлы толық мәліметтер ала отырып, көптеген басқа да деректермен таныс болды.