1-қыркүйек – Білім күні

2018 жылдың 1-қыркүйек күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Білім күніне  арналған салтанатты жиын болып өтті.

Жиынның ашылу салтанатында ҚР Әнұраны орындалып, институт ректоры Ихсанов Ерсайын Уәлитханұлы студенттерге арнап құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, институт басшысымен бірге «Инновациялық технология және лабараториялық зерттеу орталығының» директоры Ликаров Мұрат Ликарұлы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылында студенттерге жаңа жетістіктер мен табыстар тіледі.

 Сондай-ақ институтымыздың түлегі, Атырау облысы «Нұр Отан» партиясы, «Жас отан» жастар қанатының белсендісі Амиржанов Бекболат та студенттерді Білім күнімен құттықтады.  Салтанаттты жиынға келген студенттерге өзінің игі тілегін ата-аналар тарапынан Шонова айнагүл Өтеуқызы білдірді.

Жиыннан соң студенттерге арнайы  бекітілген аудиторияларда дәріс оқылды.