STEM курсынан өткен студенттерге сертификат табыстау рәсімі

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында 2018 жылдың 10 желтоқсанында  STEM (science, technology, engineering and mathematics) курсынан өткен студенттерге сертификат  табыстау рәсімі өтті. Рәсімді «Заңғар» жобасы Bolashak Engineering және Chevron компанияларымен бірлесіп ұйымдастырды. 

Студенттер төрт бағыт бойынша оқытылды: Робототехника, 3D модельдеу, Инженерия және бағдарламалау.  Курстың мақсаты әлемдік экономикада STEM-сауаттылықты және бәсекелестікке қабілеттілікті дамытуға ықпал ететін ЖОО, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем  арасында тұрақты да тұтас байланыс орнату болып табылады.