АИГИ өз бітіруші түлектерінің Еңбек биржасындағы жоғары сұранысына сәйкес Қазақстанның 20 Көшбасшы жоғары оқу орындарының қатарына енді

      ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  тапсырысымен АҚ  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының»  мамандарымен   2018 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының рейтингі жасалды және Электронды еңбек биржасында жарияланды.  Рейтинг барысында  Қазақстанның 101 жоғары оқу орны қарастырылып, оның негізіне бітіруші түлектердің нақты жұмысқа орналасу туралы деректері алынды.

      Осы рейтинг нәтижесінде біздің Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мемлекетіміздің 20 Көшбасшы жоғары оқу орындарының қатарына еніп, 16 орынды иеленді.  Бұл біздің институтымыздың  жастарға білім беру ісіндегі  елеулі жетістігінің бірі болып табылады. Бұл Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ұжымының табысы мен жетістігі.