Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына Сәтбаев Университетінің өкілі келіп кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді

2019 жылдың 1 ақпан күні  Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ұжымына Сәтбаев Университетінің  ЖОО кейінгі білім беру департаменті  өкілі  келіп кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты – докторантураға түсу талаптарын түсіндіру, докторант дәрежесі арқылы жетуге болатын жаңа мансаптық мүмкіндіктермен ұжымды таныстыру.  Сәтбаев Университетінде оқудың артықшылықтары мен еңбекпен қамту мәселелеріне кеңінен түсінік беру.

Аталған шараға институттың  магистрлері қатысып, әртүрлі сауалдар бойынша консультация алды.