Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының тәрбие бөлімінің бекітілген кешенді жоспарына сәйкес Жастар жылына арналған институттың ғылыми кітапханасымен бірлесіп «Ең үздік оқырман» байқауын өткізеді.

2019 жылдың 14 наурызында Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Жастар жылына арналған Институттың ғылыми кітапханасымен бірлесіп «Ең үздік оқырман» байқауын өткізеді.

 

Байқау мақсаты:  білім алушыларға кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, студент жастарды оқуға тарту, кітаптың  құндылығын ұғындырып, дәстүрлі  оқуды сақтау және дамыту,  кітапхананың мерейін арттыру, студенттер арасынан үздік оқырмандарды айқындау.
Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, жан-жақты білімді оқырмандар санатын іріктеу. 

 

Өтетін орны: Атырау қаласы,  Худин көшесі 6, (Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, оқу ғимараты, 1 қабат, ғылыми кітапхана).

Басталуы: сағат 10.00

Қамту: барлық студенттер арасында

 

 

Ақпарат  алу үшін тел.:  +7 701 0899099

 

 

Почта:  tulegenovna@mail.ru