АИГИ-де «Адалдық дүкені» бар

АИГИ-де «Адалдық дүкені» бар

Жастарды жастайынан адалдық пен биік адамгершілік рухында тәрбиелеуде Атырау инженерлік –гуманитарлық институтында жақсы дәстүр бар. Соның бірі – біраздан бері жұмыс істеп келе жатқан «Адалдық дүкені», «Сатушысыз дүкен».

Басты максат – жастардың санасына бөтеннің ала жібінен аттамауға,намыс отын жоғары ұстауға,өзіне-өзі қызмет ету дәстүрін,сөйтіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыруға күш салу.
Дүкен жаңа тауарлармен де молынан жабдықталып тұрады. Алушыға еш қиындық жоқ,бағалары жазулы тұр.

Студенттер мен оқытушыларға қажетті жазу-сызу құралдары,қағаз,кітапша,тағы басқа ұсақ-түйек бірінші қажетті бұйымдар бар.

АИГИ-дегі бұл жаңалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп енгізілді. Оның мақсаты – жас ұрпақтың бойында әдептілікті,тәртіптілікті нығайту. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» пәні бірінші және екінші курс студенттеріне арналып өткізіледі, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында анонимді анкеталар да өткізіледі.

АИГИ Баспасөз қызметі

Related Posts

Leave a Reply

Read also x