АИГИ студенті елордадағы волонтерлер фронт-кеңсесінің ашылу салтанатына қатысуда

Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанда ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында Волонтерлердің фронт-кеңсесі салтанатты жағдайда ашылды. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ел волонтерлерінің осы «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ресми ашылуына Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының инженерлік-техникалық факультетінің автоматтандыру және басқару мамандығының бірінші курс студенті ҮСЕНҒАЛИЕВ ИЛИЯС МЕЙРАМБЕКҮЛЫ Атырау облысы үздік волонтерлері делегациясының құрамында қатысуда.

Салтанатты шарада «QQAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыты бойынша алаңдары таныстырылды.

Фронт-кеңсе бүкіл Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталығы болады. Сондай-ақ, ол волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру, мониторинг жасау, волонтерлікті ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.