Ректор блогы

Ректор блогы
Е.В.Ихсанов

Құрметті талапкер, студент, сайт қонағы!

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының сайтына қош келдіңіз!

Біздің институт өз қызметін іске асыру барысында Батыс өңірінде ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша да табысты жұмыс атқарып жүрген мыңдаған білікті мамандарды даярлады. Біздің бітіруші түлектеріміздің қатарында танымал мұнайшылар мен экономистер, бизнес көшбасшылары және танымал қоғам қайраткерлері де бар.

Бүгінгі таңда біз үшін стратегиялық маңызды міндеттердің бірі – салалық экономика мен өңірге 5-10 жылдан кейін заманауи технологиялық тәртіп шеңберінде талап етілетін мамандарды даярлау болып табылады.

Институт заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Оқу ғимараттары мультимедиялық кабинеттермен, замануи жабдықталған зертханамен, ыңғайлы қоғамдық тамақтандыру орындарымен жабдықталған. Денсаулық мүмкіндіктері әртүрлі студенттердің де білім алуына барлық жағдай жасалынған.

Біз жоғары білім берудің қалыптасқан дәстүрлерін дәріптейміз, сонымен қатар білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы заманауи үрдістерге сүйене отырып, белсенді дамып келеміз.

Осы сайтты жасақтау кезінде оны мүмкіндігінше ыңғайлы етіп жасауға тырыстық. Біздің сайтта талапкерлерге және олардың ата-аналарына, студенттерге, қосымша білім алатын мамандарға және АИГИ өмірін білгісі келетіндерге ең соңғы ақпарат беріледі.

Сіздердің өзіңізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берілетініне сенімдімін.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының сайтына қош келдіңіздер!

Ректор, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Е.В.Ихсанов

АИГИ Баспасөз қызметі

Read also x