«Талапкер-2020» Жақсы маман болғың келсе АИГИ-ге кел!

Биыл алдағы, жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарына, колледждерге, мектептерге және балабақшаларға қабылдау үшін құжат тапсыру жеңілдетіліп, автоматтандырылған режимде қолжетімді болады. Енді балаларға құжаттарды қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ, әрбір болашақ студент өзі үшін таңдаған ЖОО-ның сайттары немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы құжаттарын тапсыра алады.

Мұның бәрі енді оңай және ыңғайлы болады, сайтқа кіріп, бір тетікті басу арқылы барлық құжаттарды жіберуге болады.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты осы ретте талапкерлер құжаттарын онлайн форматында қабылдауға дайын. Институт қабылдау комиссиясы дайындық жұмыстарын кең көлемде жүргізуде.
АИГИ-Қазақстанның батыс аймағындағы акредиттелген үздік жоғары оқу орындарының бірі.Ол Қазақстанның білім беру рейтингтерінде жетекші орынға ие.
Біздің институтта әр студент сапалы білім алып қана қоймай, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи білім беру бағдарламалары бойынша
білім ала отырып, әр салада жоғары білікті маман болуға барлық мүмкіндіктері бар. Институт 15 білім бағдарламасы бойынша білікті мамандар даярлап шығарады. Атап айтсақ,олар:
-Бизнес және басқару;
-Құқықтану
– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
– Телекоммуникация;
– Инженерия және инженерлік іс;
– Өндірістік және өңдеу салалары;
– Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша));
– Сәулет және құрылыс;
-Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау.

Тек биыл, 2020 жылы институтты 500-ден астам студент бітіріп шыққалы отыр. Қазір олар диплом жұмыстарын қорғауда.
Институттың бірнеше оқу корпусы,жайлы жатақханасы бар,онда студенттер үшін барлық жағдайлар қарастырылған.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты қызметінің маңызды сипаттамасының бірі – еңбек нарығындағы сұраныс және түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері болып табылады.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Институт Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (МДМ) мамандары жүргізген және электрондық еңбек биржасының сайтында жарияланған еліміздің ЖОО рейтингісінде 20 үздік жоғары оқу орындары қатарына кірді. 2015-2017 жылдары бітірген түлектердің нақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерін негізге алына отырып, Республика жоғары оқу орындарының 20 көшбасшы тізімінде Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 16-орынға орналасты.
Институт жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шарттар жасау жолымен тұрақты байланыс орнатып, түлектерін жұмысқа орналастыруға үлкен көңіл бөдеді. Бұрын жасалған шарттарды ұзарту, байланыстар орнату және ынтымақтастық туралы жаңа шарттарға қол қою бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бүгінгі таңда 86 мекемемен кәсіптік тәжірибе мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру туралы 137 келісімшартқа қол қойылды. Олардың ішінде, аймақтың ірі кәсіпорындары «Тенгизшевройл», North Caspian Operating Company N.V. (NCOC), «Ембімұнайгаз» АҚ, «КазНИГРИ», «Ембагеодезия» ЖШС, «АтырауМұнайӨнімдері» АҚ, «Каспий барлау геофизика институты» ЖШС АФ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ және т. б.
Институтта көптілді білім беру жобасы әзірленді. «Learn Real English” L.R. E»” («Нағыз ағылшын тілін оқы») инновациялық орталығы құрылды. Орталық жетекшісі – профессор Н. М. Какпанбаева. Деңгейлік технология бойынша (А1А2, В1В2, С1С2 1-ден 6 семестрге дейін) қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша жобалар іске асырылуда және одан әрі «Халықаралық стандартталған тіл курстары», «Халықаралық стандартталған Тілдік курстар», IELTS, TOEFL сияқты ілгері деңгей бағдарламалары бойынша екі семестр оқытылады.
«ENGLISH WITH IT» IT технологиясын қолдана отырып ағылшын тілі бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Ағылшын тілін оқу, жазу және тыңдау практикасы, грамматика, лексика, ойындар бойынша кеңестер арқылы жақсарта мақсатында ағылшын және видео, ағылшын және әлеуметтік желілер, ағылшын және музыка сияқты оқытудың инновациялық әдістерін қолдану және IT технологиямен ағылшын тілін үйрену, жаңа әдістемелерді игеру бойынша іс-шаралар қарастырылған.
British Council «English for Success» жобасы бойынша институтың 15 оқытушысы ағылшын тілі деңгейін және пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін меңгерген.
Институтта тәрбие жұмысы тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлеуметтік, оның ішінде түлектердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың бірыңғай біртұтас жүйесі дамыған. Білім алушыларды қолдау қызметі жастар бірлестіктері – жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік өзін-өзі басқару арқылы жүзеге асырылады, оның құрамында мәдени-шығармашылық сектор, КВН командасы, спорт клубы, «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес клубы, «RAYofHOPE» волонтерлік орталығы, «Гладиатор» пікірталас клубы, «Дипломат» әдеби-танымдық үйірмесі, «Сырғалым» қыздар клубы, «Жасыл ел» студенттік жасағы, көркемөнерпаздар үйірмесі бар.
Бір сөзбен айтқанда, Атырау инженерлік-гуманитарлық нститутына оқуға келсеңіз ешқандай ұтылмайсыз! Бізде оқу ақысы да Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарындағыдан әлдеқайда төмен. Институт бүгінгі таңдағы елдегі қаржы-экономикалық қиын жағдайларды ескере отырып, жастардың білім алуларына қолжетімділік жағдай жасауда. Мүмкіндікті қалт жібермеңіз,талапкер жастар!

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Баспасөз қызметі

АИГИ Баспасөз қызметі

Related Posts

Leave a Reply

Read also x