Студенттер арасында волейболдан турнир
28-сәуір күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында 1-мамыр - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ мерекесіне байланысты студенттер арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Турнир өз дәрежесінде өтіп, оның қорытындысы бойынша келесі реттегі марапаттау рәсіміне кезек берілді:
І орын – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы;
ІІ орын – Атырау инженерлік-гуманитарлық колледж студенттері;
ІІІ орын – «Мұнай-газ ісі», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы.
Сонымен бірге өткізілген турнир нәтижесіне орай, «Үздік ойыншы» атағы «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенті Өтеген Дастан және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының Жұмажанов Шынболатқа берілді.



Community ©