АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

www.aigi.kz; Е-mail

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 472 бұйрығымен №000065 мемлекеттік лицензия негізінде жоғары білім беріп келеді.

Оқу орны 2015 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестациясынан табысты өтіп, жоғары білім кеңістігінде өз мәртебесі мен имиджін көрсете алды.

 

Институт төмендегідей мамандықтар бойынша бакалавр-мамандарды даярлайды:

5В070800 - Мұнай-газ ісі;

5В050600 - Экономика;

5В070200 - Автоматтандыру және басқару;

5В050900 - Қаржы;

5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;

5В030400 - Кеден ісі;

5В072900 - Құрылыс;

5В011900 - Шетел тілі: екі шет тілі;

5В073200 - Стандарттау, сертификаттау;

5В060200 - Информатика.

 

Институттың материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай ұдайы дамуда. Оқу ғимараттары, жатақхана, кітапхана, оқу залдары, Интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптар, интерактивтік, мультимедиялық қондырғылармен жабдықталған зертханалар, инновациялық технологиялармен қамтылған арнайы кабинеттер, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы республикалық электрондық кітапхана студенттердің сапалы білім алуына қызмет етеді. Бұл, өз кезегінде, студенттерге жаңа заманауи технологияларды жан-жақты игеруге және шет тілдерін еркін меңгеруге толық мүмкіндік береді.

Институтта 2000-нан астам студент білім алады. Оларға кәсіби біліктілігі мен ғылыми лауазымдары жоғары және ірі өндіріс орындарында еңбек еткен тәжірибелі мамандар дәріс береді, оның ішінде 8 ғылым докторлары мен профессорлар, 33-і  ғылым кандидаттары мен доценттер.

Институтта жоғары білім беру Болон дек­ла­рация­сының қағидаларын басшы­лық­қа ала отырып, заманауи инновациялық жүйе арқылы жүзеге асырылуда.  Білім беру үрдісі толығымен кредиттік техноло­гия негізінде модульдік оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі.

Ұдайы өткізілетін пәндік олимпиадалар, студенттердің ғылыми конференциялары, семинарлар мамандықтарды жақсы меңгеруге, ізденістерге жұмылдырады. Жыл сайын институт студенттері шет елдердегі, еліміздегі түрлі ғылыми жобаларға, сайыстарға, конкурстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарды иемденіп жүр. Институттың үздік оқитын студенттері Қазақстан Республикасының Президенті стипендиясының иегерлері.

Студенттер оқу және өндірістік тәжірибелерін ірі өндірістік кәсіпорындарда, атап айтқанда  «Теңізшевройл» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Эмбамұнайгаз» ӨФ, «Каспиймұнайгаз» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, Атырау облыстық кеден бақылау департаменті және т.б. іргелі кәсіпорындарда өткізеді.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ғылыми-педагогикалық кадрлардың білімін арттыру және студенттердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында алыс және жақын шет елдерінің жоғары оқу орындарымен, белгілі ғылыми орталықтарымен ғылыми және оқу-әдістемелік қарым-қатынастар орнатқан. Институт профессор-оқытушылары Ангнлия, Франция, Жапония, Германия, Қытай, Венгрия, Малайзия мемлекеттерінде болып, біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасып, курстарға қатысып, сертификаттарға ие болды.

Білім алушылардың шет елдік және еліміздің жетекші оқу орындарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік беретін 20-ға жуық әріптестік келісім-шарттар мен меморандумдар жасалып, іске асырылуда. Институт студенттері сыртқы және ішкі  академиялық оралымдылық негізінде Қытай, Польша, Ресей, Азербайджан және еліміздің іргелі жоғары оқу орындарында білім алуда.

Институт, ең алдымен, өз түлектерімен мақтанады. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын бітірген инженерлер мен басқа да мамандық иелері республикамыздағы мемлекеттік және нарық құрылымдарында, шет елдік компанияларда, фирмаларда, банктерде және басқа да салаларда табысты еңбек етуде. Ең бастысы – институт түлектері еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және  қашанда сұранысқа ие екендігін уақыт көрсетіп отыр. Ірі өндіріс мекемелерімен және жұмыс берушілермен жасалған келісім-шарттар негізінде түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында институттың өзіндік бағдарламасы жасалған. Техникалық мамандықтарды бітірген түлектерге дипломмен қатар өндірістік және техникалық қауіпсіздік сертификаттары қосып беріледі. Бұл сертификаттардың жұмысқа орналасарда көмегі болатыны сөзсіз. Бизнеспен шұғылдануға бел байлаған түлектер үшін Кәсіпкерлер палатасымен бірігіп ұйымдастырылған бизнес-инкубатор  жұмысы да жандануда.

Білім мен ғылымды, спорт пен өнерді ұштастырып, облыстық,  республикалық, халықаралық сайыстарда жүлдегерлер қатарынан көрінген студенттер көптеп саналады. Өнерлі жастардан құрылған «Жайдарман» (КВН) ойындарының жоғары лигасында өнер көрсететін «АИГИ» құрамасы бүкіл республикамызға танымал.

Біздің институтта студенттердің оқу ақысы да айтарлықтай төмен. Егер облыстағы басқа жоғары оқу орындарында оқу ақысы 340-450 мың теңге болса (мамандыққа байланысты), біздің институтта 180-210 мың теңге аралығында және көптеген жеңілдіктер де қарастырылған.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты инновациялық бағдарламаларды сәтті іске асырағаны үшін Европа кәсіпкерлер қауымдастығының  «INSAM» алтын медалімен (Женева, 2005 ж), Халықаралық «Алтын Құймамен» (CBS Consult, Маскеу, 2007) марапатталды.

 

Институтқа қабылдау мынадай тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

  • Орта мектепті және арнаулы орта оқу орнын бітірген талапкерлер – ҰБТ, кешенді тест (КТ) сынағының нәтижесі бойынша берілген сертификат негізінде оқуға қабылданады;
  • Екінші жоғары білім алушылар – кез келген мамандыққа емтихансыз қабылданады.

Күндіз оқыту бөлімінде оқу мерзімі – 4 жыл, жоғары білім негізінде – 2 жыл, арнаулы кәсіби орта білім негізінде оқуға түсушілерге –3 жыл.

 

Институтты бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

 

Артықшылықтар мен жеңілдіктер:

  • өлкеміз бойынша ең төмен оқу ақысы;
  • оқу ақысы институтты бітіргенге дейін өзгермейді;
  • оқу ақысын төлеудің ең тиімді жүйесі;
  • оқу озаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған;
  • оқу озаттары үшін академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша оқыту мүмкіндігі;
  • биылғы оқу жылында мектепті үздік бітірушілер бірінші семестрде тегін оқытылады;
  • спорт, өнер салаларында халықаралық, республикалық дәрежедегі сайыстарда жоғары жетістіктерге жеткен студенттерге де оқу ақысына жеңілдіктер көзделген;
  • барлық студенттер үшін Интернет жүйесін тегін пайдалану мүмкіндігі;
  • шет тілін және компьютерлік техниканы терең игеру мүмкіндігі;
  • басқа облыстардан немесе аудандардан келген студенттер үшін жатақханадан орын беріледі;
  • студенттер үшін дәрігерлік пункт жұмыс жасайды;
  • ҰБТ немесе КТ-дан белгіленген шекті балды ала алмаған талапкерлер де шартты түрде оқуға қабылданады.

Институт құрамында жоғарыда көрсетілген мамандықтар бағытында орта кәсіптік мамандар даярлайтын Колледж жұмыс жасайды.

 

Біздің институтта сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Келіңіздер, Сіздер үшін институтымыздың есігі ашық!