«Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» атты қыз сыны байқауы

DSC04240.JPG
DSC04265.JPG
DSC04274.JPG
DSC04275.JPG
DSC04276.JPG
DSC04279.JPG
DSC04281.JPG
DSC04141.JPG
DSC04283.JPG
DSC04290.JPG
DSC04285.JPG
DSC04293.JPG

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында 10 желтоқсан күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» атты қыз сыны байқауы өтті.

Байқаудың ашылу салтанатында институттың Ғылым және халықаралық байланыстар, тәрбие жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Киікбай Мыңбайұлы Жаулин сөз сөйледі. Өз сөзінде Киікбай Мыңбайұлы оқытушылар ұжымы мен студенттерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» байқауына қатысушы аруларымызға сәттілік тіледі.

Ликаров Мұрат Ликарұлы – техника ғылымдарының кандидаты, әділ-қазылар алқасының төрағасы, Меңдігереев Көпжасар Болатұлы – т.ғ.к., Мұхамбетқалиев Бақтияр Сұлтанбекұлы – «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Жиенкулова Ляззат Тілеуқызы – Кәсіподақ комитетінің төрайымы, Ығылова Асель Құрманғазықызы «Шет тілдер» кафедрасының магистрі байқауға қатысушылардың өнеріне баға беруші әділ-қазылар алқасының мүшелері болып  сайланды.

«Мен қазақтың қызымын...», «Өнерліге өріс кең», «Он саусағынан өнер тамған», «Зерделінің ойы озық» атты 4 бөлімнен тұратын байқаудан, аруларымыз сүрінбей өтіп, көпшілік алдында бойына біткен ерекше өнерлерін, ақыл-парасаттарын көрсете білді. Әсіресе, І  бөлімде Төлеушова Айзада өзінің таныстыруын ерекше көрініспен ұсынса, Базарбаева Мөлдір, Рамазанова Жәмиға өздерін тамаша бейнеролик арқылы таныстырып өтті. Келесі «Өнерліге өріс кең» бөлімінде сайыскер қыздарымыз әрқайсысына тән, өз таланттарыменен көрермендер көзайымына айналды, «Он саусағынан өнер тамған» бөлімінде сайыскер аруларымыз қазақтың ұлттық тағамдарынан тұратын ас мәзірін ұсынып, тағам әзірлеу шеберліктерін көрсете білді. «Зерделінің ойы озық» атты бөлімде қыздарымызға Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қатысты сұрақтар қойылып, қазақтың қыз балаға қатысты мақал-мәтелдерінің мәнін ашып түсіндіру тапсырмасы берілді. Сайыскер аруларымыз бұл бәйгеде ой ұшқырлылығы, саналылық, ақылдылық сияқты қасиеттерін көрсете білді.

Байқау соңында, әділ-қазылар сайысқа қатысушы ару қыздарымыздың  ерекшеліктерін айтып, өз ойларын білдірді. Сайыскер аруларымыз мынадай ретте марапатталып, сыйлықтарға ие болды:

1.      Қарасаева Аида «Кеден ісі» мамандығы 3 курс  - «Сымбатты ару»;

2.      Сұлтансиых Жаңылған «Информатика» мамандығы 1 курс - «Білімді ару»;

3.      Асхатова Гаухар «Мұнай газ ісі» мамандығы 2 курс –  «Шебер ару»;

4.      Қосшиева Гүлзат «Экономика» мамандығы 4 курс – «Өнерлі ару»;

5.      Құспанова Гаухар «Шетел тілі: екі шетел тілі»мамандығы 1 курс  - ІІІорын;

6.      Рамазанова Жәмиға «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 3 курс- ІІ орын;

7.      Базарбаева Мөлдір «Қаржы» мамандығының 3 курс  - І орын;

8.      Төлеушова Айзада «Радиотехника, электроника және телекомуникациялар» мамандығы 2 курс – «Бас жүлде»;