АҚ «Ғылым қоры» өкілдерімен кездесу
2017 жылдың 9 маусымында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының мәжіліс залында АҚ «Ғылым қоры» өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты - ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінің атынан ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған АҚ «Ғылым қорымен» жарияланған Конкурс жөнінде мәлімет беру.
Аталған кездесуге ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландырудың Заңдары мен Ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жобалардың координаторлары Ашкин Арман Айтуганұлы мен Ізбасар Ернұр Қабдувалиұлы келді.









Community ©