ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІ - ЖАҢАРУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ

DSC07956.JPG
DSC07978.JPG
DSC07969.JPG
DSC07984.JPG

2017 жылдың 30 қаңтарында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының акт залында  «Арай» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің  билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҮНДЕУІН  институт және колледж оқытушыларының арасында талқылауға арналған жиын өтті.

Жиынның күн тәртібінде мынадай  мәселелер қарастырылды:  

1. «Елбасының жаңа бағыты» - Атырау инженерлік - гуманитарлық институтының ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М. Жаулин.

2. «Елбасы ҮНДЕУІ» - Атырау инженерлік - гуманитарлық колледжінің директоры, «Арай» бастауыш партия ұйымының төраға орынбасары А.Т. Досниязов.

3. «Елбасы Үндеуі- жаңа демократиялық серпін» - Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының инженерлік-техникалық факультет деканы, п.ғ.к., профессор  С.К. Касенов.

4. «Елбасының үндеуі еліміздің жаңғыруындағы жаңа тарихи оқиға» - Атырау инженерлік - гуманитарлық институты колледжінің  «Оптикалық және электрондық жабдықтар» мамандығының 3-курс студенті Ж.Қ.Нағимова.

Жиынға  «Арай» бастауыш партия ұйымының мүшелері, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының және колледжінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты. 

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, ф-м.ғ.д., профессор, Е.У. Ихсанов кіріспе сөз сөйлеп, жиынды ашып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелерге тоқталды.

Өз сөзінде, 25 жыл ішінде елімізде орын алған өзгерістер мен тиімді саяси реформаларға тоқтай келе, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҮНДЕУІ   еліміздегі прогрессивті құбылыс екенін атап өтті.  Әрбір саяси реформаның Елбасы басшылығымен, Үкімет тарапынан егжей-тегжейлі талқыға түсетіндігін баса айтып, Үндеуде көрініс тапқан мәселелердің демократия дамуын ілгерілететін басты алғышарттардың бірі екендігін айтып өтіп, сөйлеушілерге сөз кезегін берді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, Атырау инженерлік - гуманитарлық институтының ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор – К.М. Жаулин :

«Үндеу Елбасы Н.назарбаевтың Конституцияның басты кепілі екенін кезекті рет дәлелдеп берді. Мұндай реформа – әлем елдері алдындағы Ұлы дала елінің өзіндік авторлық моделі болып, талай мемлекетке үлгі болары сөзсіз. Солардың барлығын Елбасы зерттеп, зерделеп, еліміздің дамуын әрі қарай жеделдету мақсатында саяси жүйені реформалауын ұсынды.  Мұндағы басты мақсат -  демократиялық жолмен елдің дамуын жеделдету. Екіншіден, ел басқарудағы саяси жүйені нығайту, оны жетілдіру. Үшіншіден, әлемнің ешбір мемлекетінде елді басқару, қалыптастыру, қандай саяси жүйені пайдалану керектігіне байланысты заңдылық жоқ. Біз де 25 жыл ішінде Елбасы бастауымен мол тәжірибежинадық. Жаңа жүйе де қазақстандық тәжірибеге сүйене отырып, ұсынылған дүние деп есептеймін. Осы тұрғыда, алдымызда үлкен саяси өзгерістердің болары анық.»

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінің директоры, «Арай» бастауыш партия ұйымының төраға орынбасары – А.Т. Досниязов өзінің оң пікірін білдіріп, Елбасы ҮНДЕУІН, яғни онда қаралған билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері  саяси –экономикалық дамыған елдерде пайда болатын құбылыс екендігіне тоқталды.  Елбасының  25 жыл тәуелсіз ел тарихындағы іске асырған саяси реформалары мен ел бірлігі мен тұтастығы арқылы қол жеткізген жетістіктеріне де  шолу жасай келіп, еліміздегі әрбір жаңа серпінде, жетістікте, көшбасшы ретінде Елбасының  бағыт-бағдары, салиқалы сарабдал саясаты мен бастамасы көрініс табады деп өз сөзін қорытындылады.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының инженерлік-техникалық факультет деканы, п.ғ.к., профессор С.К. Касенов жоғарыдағы келтірілген пікірлермен келісетіндігін білдіре отырып,  Елбасының бұл ҮНДЕУІ елімізде орын алатын оң саяси тенденциялар бастамасы деді. Сонымен қатар, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуді көздейтін бұл екі бағытты реформаның,  Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлін күшейту мақсатына бағытталатындығына да тоқталды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінің  «Оптикалық және электрондық жабдықтар» мамандығының 3-курс студенті Ж.Қ.Нағимова «Елбасының үндеуі еліміздің жаңғыруындағы жаңа тарихи оқиға» тақырып төңірегінде сөйлеп, жастар тарапынан Елбасы үндеуінің қолдау тауып отырғандығын назарға алып, Үндеуді елімізді жаңа сатыға көтеретін алдағы тың тарихи оқиғалар тізбегінің бастапқы қадамы ретінде қабылдайтындығын айтты. Сонымен қатар, сөзін қорыта келе Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез  келді.»   деген жалын сөзді Үндеуі халықты, елді, жастарды жаңа прогресске, жаңашылдыққа, өзгерістерге жетелейтіндігін алға тарта сөйледі. Сөз соңында биылғы  Елбасының халыққа жолдаған үндеуін қолдайтындығын жеткізді. 

Жиын соңын Атырау инженерлік –гуманитарлық институтының ректоры, ф-м.ғ.д., профессор, «Арай» бастауыш партия ұйымының төрағасы  Е.У. Ихсанов  қорытып, бірауыздан қаулы қабылданып, жиын хаттамасы толтырылды.