АИГИ: Қашықтықтан оқытуда қиындық болмайды

Елімізде жарияланған төтенше жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 14 наурызда қабылдаған №108 бұйрығына сәйкес Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 100 процент қашықтықтан оқыту форматына көшті. Жатақханадағы студенттер де үйлеріне жетіп, қашықтықтан оқу үрдісіне қосылды.

Профессор-оқытушылар мен білім алушылар белгіленген график- кестеге сәйкес тіке байланысқа шығып отыр.Белгіленген лекциялар мен онлайн-сабақтар уақытылы кесте бойынша өтуде,білім алушылармен кері байланыстар да өз деңгейінде жүріп жатыр.

Студенттерге қажетті методикалық кеңестер мен лекциялық материалдар Платонусқа толық енгізілген. Ал ZOOM арқылы видеолекциялар ,берілген тапсырмалардың орындалуын институттың оқу-методикалық бөлімімен жүйелі қадағаланып отырылуда.

Сондай-ақ профессор- оқытушылар мен білім алушылар ZOOM, Платонус, Whats App қашықтан оқыту форматтарын еркін пайдалануда. Институттың Aigi.kz сайтына және арнайы ашылған тіке байланыс чаттарымен де жұмыстар жүруде.

Студенттердің ойдағыдай білім алулары үшін институтта барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер қарастырылған. Оқытушылар мен кураторлар күн сайын қанша студенттің сабақтарға қатысқаны мен тақырыптардың игерілуі туралы есептер беріп отырады.

Күнделікті сабақ кестесіне сай білім алушылардың онлайн -сабақтары өтуі барыстары да оқу-методикалық бөлім тарапынан қатаң бақылауда. Студенттердің онлайн-сабақтарға ынта-ықыластары да жаман емес. Институттың профессор-оқытушылары бұл сын кезеңдегі оқу процестеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, уақытпен санаспай жұмыстар атқаруда.

АИГИ Баспасөз қызметі.

Leave a Reply