АИГИ: Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара БІРЛІК- БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

АИГИ: Қазақстан халқының бірлігі күніне
арналған мерекелік шара
БІРЛІК- БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Қазақстан халқының
бірлігі күніне арналған «Бірлік пен ынтымақ – ел тұтастығының кепілі» атты
мерекелік шара ZOOM форматында 30 сәуір күні онлайн форматында өтті.
1 мамыр – біздің еліміздің маңызды мемлекеттік мейрамдардың бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін, достық пен ынтымақтастық мерекесін АИГИ профессор-оқытушылар құрамы мен ұжымы және студенттер қауымы үлкен ыждағаттылық пен ынтымақты жағдайында атап өтті.
Мерекелік онлайн шараны Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, Қазақстан ҰҒА корреспондент-мүшесі Ерсайын Уалитханұлы Ихсанов ашып, білім ордасының профессор-педагогтары мен студенттерін айтулы мерекемен құттықтады.
– Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Біздер үшін түрлі ұлт өкілдерінің өзара түсіністігі баға жеткізгісіз құндылық, ал бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық бүкіл мемлекеттік саясатымыздың негізі болып табылады. Дүрбелеңге толы бүгінгі заманда Қазақстан басқаларға ұлтаралық татулықтың, бір-бірінің құқығын бұзбай, өзара сенімділікпен өмір сүрудің нағыз үлгісін көрсетіп отырған бақытты ел.Біздің институтымызда бірнеше ұлттың өкілдері білім алады. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы да бар,ол бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді. Оқу ордамыз көптілді білім беру жобасы бойынша жұмыс жасайды. British Council «English for Success» жобасы бойынша институтың 15 оқытушысы ағылшын тілі деңгейін және пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін меңгерген. Биыл,яғни 2021 жылы институтты 525 студент бітіргелі отыр,-деді ректор Ерсайын Уалитханұлы.
– Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету,жақсы білім алу әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Баршаларыңызға, әр отбасына, шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!-деді ректор Е.У.Ихсанов.
«Бірлік пен ынтымақ-ел тұтастығының кепілі» тақырыбында институттың «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі,филология ғылымдарының кандидаты Арайлым Заузақызы Кенжнғарина баяндама жасады.
-Елімізде нық орныққан халықтар бірлігі мен достығының арқасында біздер барлық қиындықтарды жеңіп, тәуелсіздігімізді нығайта түстік, экономикамыз да жаңа белестерге көтерілуде. Дана халқымыз «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген нақыл сөзді тегіннен-тегін айтпаған болар. Берекені көздеген бабаларымыз мерекелі тірлік жасаудан ешқашан да жалыққан емес.Тәуелсіз елімізде «Қазақстан халқының бірлігі күні» мереке ретінде 1996 жылдан бері тойланып келеді. Қазақстан үшін айту¬лы мереке мүлде жаңа¬ша маңызға ие болуда. Бұл мейрам бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні деген мазмұнда жалғасын та¬уып, көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды. Бүгінде түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір, діні басқа ділі бір 130-дан астам ұлт өкілдері Қазақ елін өз туған жұртындай көреді. Осының барлығы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы болған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасы деп білеміз,-деді Арайлым Заузақызы.
Институттың кафедралары еліміздегі әр ұлттың өнері мен салт-дәстүрлерінен көрністер даярлап,әсерлі әңгімелер айтты. «Тіл және әдебиет мұғалімдерін даярлау» кафедрасы меңгерушісі,PhD докторы Нұрайна Мелісқызы Қақпанбаева Неміс ұлтының тарихын айтып, студенттері олардың өнерін көрсетті.
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы аға оқытушысы,докторант Гүлфайрус Кенжеғалиқызы Бозахаева Өзбек мәдениеті туралы айтып,студенттері биін биледі.
»Бизнес басқару және құқық» кафедрасының меңгерушісі,профессор Болат Жарылғасұлы Исеев Орыс халқының әнін шырқаса,студенттер ұлттық биін билеп берді.
Ал «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы қызметкерлері Грузин ұлтының тағамдары туралы айтып,оларды дайындап көрсетсе,Кәріс ұлтының салт-дәстүрі мен тарихы,тағдыры туралы осы ұлт қызымен отау құрғанына алтын тойы жақындаған «Инженерлік,өңдеу және құрылыс салалары» кафедрасы меңгерушісі,профессор Мурат Ликарұлы Ликаров айтып,корей тілінде ұжымды құттықтады.
Тамаша өткен мерекелік онлайн шараны Әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректор Бақберген Қасымұлы Қарабаев қортындылады.
АИГИ Баспасөз қызметі.