АИГИ: КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫ – ЖАҢА КІТАПША

«Рухани жаңғыру»»-2021

Атырау инженгерлік-гуманитарлық институтында еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тұңғыш Президент
Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар өтіп келеді.

Осы ретте Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Алаш тағылымы: ұлы даладағы ұмытылмас кезең» жобасы аясында
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында өткен «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ: ХАЛЫҚ ҚАСЫРЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ» тақырыбындағы ғылыми- практикалық конференцияның материалдары жинақталып кітапша етіп шығарылды.

АИГИ профессор-оқытушылары, ғалымдар конференциядағы баяндамаларында тиісті тарихи
құжаттарды,жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керектігін,жаңа тұжырымдар жасап,ғылыми-зерттеулерді батыл қолға алуды да айткан еді осы конференцияда. Кітапшада осындай мәселелер кең қамтылған. Кітапша оқытушылар мен студенттеріміз үшін жақсы оқу құралы да болмақ. Кітапшаны АИГИ «Рухани жаңғыру» орталығы институттың жаңа ақпараттық технологиялар орталығында басып шығарды.

АИГИ Баспасөз қызметі.