АИГИ:«Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады»

АИГИ:«Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады»

ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ-«ҚҰРМЕТТІ АКАДЕМИКТЕР!»

      Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Әкімшілік- ұйымдастыру,өндіріс-шаруашылык мәселелер проректоры,техника ғылымдарының кандидаты, профессор,көп жылдық тәжірибелі педагог Батыр Даниялұлы Омаров пен «Инженерлік,өңдеу және құрылыс салалары» кафедрасы меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты,профессор,елге танымал ұстаз,білікті менеджер, техникалық іскер маман Мұрат Ликарұлы Ликаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен нассихаттау мақсатындағы «Дарынды оқушылардың қабылеттін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Қазақстанның Құрметті академигі-2020» атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып,1-дәрежелі Дипломмен марапатталды.

    Аталмыш республикалық байқауды республикалық «BILIM –ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырған болатын.

    Қазақстан Республикасының білім мен ғылым саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткен бетке ұстар ұлағатты ұстаздары мен үздік педаготары қатарында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының талантты,елге танылған ұстаз-ғалымдары Б.Д.Омаров пен М.Л.Ликаровтың болуы институт ұжымы мен Атырау облысы үшін үлкен абыройлы іс екенін айту керек.

   АИГИ ректораты құрметті атақ иелерінің білім мен ғылым саласының дамуына алға қарай да сүбелі үлестерін қосуына және жас ұрпаққа саналы тәрбие беру мен ел экономикасына білікті кадрлар дайындауға қажыр- қайратын жұмсайтынына сенім артып,құттықтайды!

                                                                                                                                                                                                            АИГИ Баспасөз қызметі.