АИГИ студенті «Самғау» байқауының жүлдегері

Атырау қаласы жастары арасында «САМҒАУ» онлайн жастар бизнес фестивалі аясында үстіміздегі жылғы 16 қаңтар күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай оқулары» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ақыны,ойшыл философы,әлемдік феномен Абай даналығына жастардың қызығушылығын ояту,даналықтың сырын біліп,зерттеуге тарту мен ақын мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жастарды анықтау, ақын
шығармашылығының ғылыми тұрғыдан талдануына қолдау көрсету.

Алқалы байқауға аймақтағы жоғары оқу орындары,колледждер мен лицейлермен қатар Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері де белсене қатысты. Байқау екі номинация бойынша бейнебаян түсіру түрінде өткізілді.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері жақсы өнерлеріменкөрінді. Әсіресе,2 курс студенті Аманжан Әділов «Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясы бойынша Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып,бейнебаянын дайындап көрсетіп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Ол байқаудың арнайы Алғыс хатымен және
бағалы сыйлықпен марапатталды.

Байқауға жүлдегерлерін АИГИ ректораты құттықтап,ұлы ақынымыз Абайдың әдеби мұрасын насихаттауда шығармашылық табыстар тіледі.
АИГИ Баспасөз қызметі.