АИГИ студенттері дәстүрлі дін өкілдерімен кездесті

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты студенттерінің үстіміздегі жылғы 4 наурызда облыстың дәстүрлі дін, қоғамдық-саяси ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы бөлімі басшысы Даурен Мұханбетәлиев, Ауған соғысы ардагері ,заңгер әрі ақын Толыбай Шәкіров, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы қоғамдық қорының теологы Ернар Абзалов және осы орталық маманы, «Жусан» операциясымен Сириядан елге оралған азаматша Нұржамал Юсупова келді.

Кеш қонақтары Атырау облысы әкімдігімен бекітілген «Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру,экстремизмнің алдын-алу,дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды насихаттау,кеңінен түсіндіру, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» жоспарына сәйкес «РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ – РАДИКАЛДЫ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ҚҰРАЛЫ» тақырыбында жан-жақты дәстүрлі діни ақпарат берді. Жастарды теріс діни ағымдардан сақтандыру бағытында слайтар арқылы нақты мысалдар негізінде әңгіме айтты. Сұрақтарға жауаптар берді.

Кездесуге институттың оқытушы – профессорлары, студенттер, бөлімдер қызметкерлері қатысты.

АИГИ Баспасөз қызметі.

Leave a Reply