АИГИ студенттері халықаралық олимпиада жүлдегерлері

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының қаржы мамандығының 2-курс студенттері Алина Омарова мен Салтанат Қуанышбекова халықаралық «Ғылым және шығармашылық Қоғамы» ұйымдастырып өткізген «Бизнес жоспарлау» бағыты бойынша олимпиадада жүлделі үшінші орын алды.

Олимпиадаға қатысуға барлығы 55 өтініш түскен,оның 14-і шет елдердің өкілдері болды. Жеңімпаздарды іріктеу өте қиын болған,өйткені барлық қатысушылар қойылған сұрақтарға бірдейге жақын жауаптар берген.Алайда қатысушылардың креативті ойлау қабілеті мен жұмыстардың плагиат жүйесімен мұқият тексерілуі нәтижесінде шешімді нәтижелерге қол жетті. Интернеттен көшіріп алынған материалдарға жүлделі орындар берілмеді. Осы ретте АИГИ студенттері Алина Омарова мен Салтанат Қуанышбекованың жобалық ғылыми – зерттеу еңбектері лайықты бағаланып отыр.

Енді олар такырыпқа жақсы ғылыми негізде келіп,креактивті ойлау қабілеті мен жоғары талдау дәрежесін көрсеткені үшін арнайы Дипломдар мен Марапаттарға ие болады. Студенттерді олимпиадаға дайындаған ұстазы – экономика магистрі,аға оқытушы Алтынай Түгелбаева.

Халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен студенттерімізді институт басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы атынан құттықтаймыз!

АИГИ Баспасөз қызметі.

Leave a Reply