АИГИ: ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘСЕЛЕ ҚАРАДЫ

АИГИ: ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘСЕЛЕ ҚАРАДЫ
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматында ZOOM платформасында қашықтан білім беру технологиясын жүзеге асыру барысындағы проблемалы мәселелерді талқылауға арналды. Атап айтқанда, «2019-2020 оқу жылында институт бойынша оқу бітіретін түлектерді мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткізу туралы»мәселе жан-жакты талданды.
Ғылыми кеңеске профессор-оқытушылар құрамы мен жауапты қызметкерлер белсенді түрде қатысты.

Кеңесті онлайн жағдайында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының реторы,профессор Ерсайын Ихсанов ашып,қашықтан білім беру технологиясы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды ,Білім және ғылым министрлігінің карантиндік шаралар кезінде қашықтан оқыту талаптары туралы оқу-әдістемелік нұсқамаларының орындалу барысы мен алда атқарылар істер жайлы атап көрсетті.
Онлайн жағдайында емтихан тапсыру және қорытынды аттестаттау сұрақтары бойынша ақпараттар берді. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты институтта білім алушылар : 1,2,3-курс студенттері және бітіруші түлектер боп бөлінді. Студенттердің бірінші санатына қатысты қиындық жоқ, олар сессияларын уақытылы тапсырады.Қашықтан оқуға төселіп қалды. Ал, бітіруші түлектер, карантиндік шектеулер алынбаса, дипломдық жұмысты қашықтан онлайн форматында қорғайтыны туралы айтылды.
Ғылыми кеңесте Әлеуметтік-гуманитарлық факультет деканы Мағыпар Қуанов,Инженерлік-техникалық факультет деканы Сәуле Дюсекенова,Инженерлік-техникалық пәндер кафедрасы меңгерушісі Нәсіпқали Сейтов, Автоматика,информатика және басқару кафедрасы меңгерушісі Шарбат Нұржанова,Шет ел тілдері кафедрасы меңгерушәсі Нұрайна Қақпанбаева,Экономика және кеден ісі кафедрасы меңгерушісі Алмас Садықов қашықтан оқыту мен бітіруші түлектердің мемлекеттік қорытынды аттестациясы туралы есептерін беріп, студенттердің диплом қорғау мәселелеріндегі кездесіп отырған қиындықтар мен проблемаларды ортаға салды.
Онлайн жағдайында өткен ғылыми кеңесте талқыланған көкейтесті міселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ректоры,профессор Ерсайын Уалиханұлы Ихсанов алдағы күндерде де профессор-оқытушылар мен білім алушылардың мемлекеттік емтихан және бітіруші түлектердің қорытынды аттестациясы, қашықтан оқыту мәселелері бойынша онлайн кездесулер ұйымдастыратын болады.Алдағы күндері өтетін онлайн кездесулер барысында да студенттер,оқытушылар,ата-аналар осы тарапта туындаған сұрақтарын қоюға мүмкіндік болады.
Айта кетейік, 2020 жылғы 16 наурыздан бастап Атырау инженерлік-гуманитарлық институты толықтай қашықтан оқуға көшті. Дәрістер мен семинарлар Zoom және басқа да сервистердің көмегімен онлайн режимінде өткізіліп жатыр. Ал, студенттердің тапсырмалары, Platonus платформасы арқылы орындалуда.Бітіруші түлектердің диплом жұмыстары антиплагиат бойынша тексеріліп, алдын-ала қорғаудан өтуде. Студенттер диплом алды практикалық жұмыстары есебін онлайн бойынша қорғады.Қазір қанша студент онлайн жағдайында қорғайды,қайсылары бағаларының сумарлық пайызы бойынша оқу бітіретіні,қаншасы күзге қалдырылатыны нақтылану үстінде.

Атырау ннженерлік-гуманитарлық институтының баспасөз қызметі.

Leave a Reply