Қашықтан білім беру: АИГИ ОҚЫТУШЫЛАРЫ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының (АИГИ) профессор-оқытушылар құрамы еліміздегі Төтенше жағдайдағы карантиндік шаралар кезінде қашықтан білім берумен қатар, ғылыми жобалармен де айналысып, республика көлеміндегі байқауларға қатысып, педагогикалық іс- тәжірибелерін арттырумен айналысуда.

Соның жарқын куәсі институттың «Шетел тілі,екі шетел тілі» кафедрасының оқытушылары Сұлтанова Ғани Төкенқызы мен Өтешева Баян Қапсалыққызы Қазақстан Республикасы «Ұлағатты ұстаздар әлемі», «ulagatty-ustaz.info» сайты ұйымдастырған «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК-2020» байқауындағы қашықтан экспресс-конкурсының Ашық шарасы номинациясында «Желтоқсан алауынан тәуелсіздік туы желбіреді» жобалық жұмысын жақсы орындағаны үшін 1-ОРЫН жеңіп алып, Дипломмен марапатталды!
Атап айту керек, институттың аға оқытушысы Сұлтанова Ғайни Төкенқызы «Ұлағатты ұстаздар әлемі», «ulagatty-ustaz.info» сайты ұйымдастырған «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК-2020» байқауында екінші мәрте жеңімпаз болды. Ол қашықтан экспресс-конкурсының Ашық сабақ номинациясында «Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас» тақырыбындағы екінші жобалық жұмысымен қатысып,одан да 1-орынды жеңіп алды.

Әріптес педагогтар Сұлтанова Ғани Төкенқызы мен Өтешева Баян Қапсалыққызын елдегі төтенше жағдай кезінде қашықтан білім беру технологияларын меңгере отырып, Қазақстан педагогтары арасындағы іргелі байқаудағы жеңісімен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Ректораты құттықтайды! Алда да шығармашыл-ғылыми,педагогикалық биік белестерден көрінуіне тілектестіктерін білдіреді.

АИГИ Баспасөз қызметі

Leave a Reply