Қашықтан оқытудың тиімділігін арттыру жолдары қандай?

АИГИ:Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция

Бүгінгі күні пандемия жағдайында барша әлемде қашықтан оқыту
формасының тиімді жолын табу ең өзекті мәселе болып отыр. Әрі кәсіби білім беру формаларын да заман талабына сай тұрақты түрде жетілдіріп отыру қажеттігі туындады.Осыған орай Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша үздік тәжірибелермен бөлісу мақсатында «Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің білімін көтеру мәселелері» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Конференцияға Ресей Федерациясының, Болгария Республикасы мен
Қазақстан қалаларының жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары ZOOM платформасы бойынша қатысты.

Конференция жұмысын Атырау инженерлік-гуманитарлық
институтының Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі
проректоры, п.ғ.д., Ахметов А.К ашып, жүргізіп отырды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры
физика-математика ғылымдарының докторы,Қазақстан ҰҒА
корреспондент-мүшесі Ихсанов Е.У сөз сәйлеп, бүгінгі талқыланып
отырған тақырыптың актуалдылығын атап айтты. «Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және
инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс. Сондықтан қазіргі жағдайда студенттерге қашықтан сапалы, нәтижелі білім беру басты мақсат, ол үшін озық тәжірибелерді, білім берудің жаңашылдық арналарын бағыттап, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануымыз шарт,-деді АИГИ ректоры Ерсайын Уалитханұлы. Конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференцияда «Дистанционные технологии в обучении студентов с
разным типом переработки информации: конкретно-образным и
абстрактно-символическим» тақырыбында Москва мемлекеттік
университетінің дифференциальды және жеке психология кафедрасы
меңгерушісі, психология ғылымдары докторы, профессор Н.Л.Нагибина мазмұнды баяндама жасады.Шешен Қазақстан білім мен ғылым саласында 15 жылдан бері тығыз байланыста жұмыс жасап, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқанын айтты.Әсіресе Атырау мен Ақтау қалалары ғалым
педагогтарымен тығыз байланыста екенін,осы жақтың жастарының Мәскеу мен Германияда өзі ашқан халықаралық институтта оқуларына жағдай жасап келе жатқанын жеткізді.

«Педагогические основы дистанционной технологии обучения в вузе»- тақырыбында Атырау инженерлік–гуманитарлық институтының проректоры, профессор. Ж.С.Хасанова баяндама жасап,қашықтан оқытудың маңызы мен мәнін,оның жақсылығы мен кемшілігін жан-жақты сараптады. «Қашықтан оқыту –бұл біздің болашағымыз,сондықтан алдағы уақытта оны жетілдіре түсуіміз,озық әдіс-тәсілдерін меңгеруіміз қажет»,-деді Жамиля Садыққызы.

«Качественное образование- умение зажигать искру и вдохновлять
людей» тақырыбында Варна университетінің профессоры Н. Буюклиев (Болгария) нақты мысалдарға негізделген баяндама жасады. Профессор Николай Буюклиев Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мен Болгария жоғары оқу орындарының академиялық байланыстары да барлығын,алда білім беру,ғылымды дамыту салаларында көп жұмыстар бірлесе атқарылатынын айтты.

«Білім беру мекемелерінде онлайн сабақтарды өткізу әдістері»
тақырыбында , Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және
инжиниринг университетінің доценті, ф.-м.ғ.к. Б.Б.Сүлейменова ( Ақтау, Қазақстан) өте мазмұнды баяндама жасады. Білім берудің озық заманауи иновацияларын өмірге енгізу-уақыт талабы.Осы ретте Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің озық тәжірибелерін ортаға салды.Бұлтты технологиялар,электронды оқулықтарды пайдалану,әлеуметтік медия,қашықтан оқыту,жасанды интелект (роботпен жұмыс) сияқты оқытудың әдістері онлайн жағдайында қашықтан білім берудің озық әдістері екенін жеткізді ақтаулық доцент Б.Б Сүлейменова.

«Осуществление качественной подготовки высококвалицированных специалистов» тақырыбында мұнайшы,техника ғылымдарының кандидаты Сарсембаев Усербай Искакович (Ресей) баяндама жасап,болашақ мамандардайындауда дуалды оқыту,практикалық тәжірибелерін жақсы меңгерту мәселелерін сөз етті.

«Мектеп мұғалімдерін білім беру жүйесінде инклюзивті оқытуға
дайындау» тақырыбында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры,педагогика ғылымдарының кандидаты А.Қ.Егенисова, (Ақтау, Қазақстан) бандама жасап,бүгінгі таңда ақыл-ой жүйесі төмен дамыған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің,олардың қабылеттерін арттыру мәселелері туралы ойларын ортаға салды.

Конференция негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жасады,олар:

1.Секция. Жоғары білікті мамандарды сапалы даярлау ісін жүзеге асыру.
Жетекшісі п.ғ.д Хасанова Ж.С

2. Секция. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану мәселесі. Жетекшісі п.ғ.к. Нұржанова Ш.С

3. Секция.Қашықтықтан оқытудың инновациялық технологияларын
жүзеге асыру мәселесі. Жетекшісі- PhD докторы Какпанбаева Н.М

Ғылыми-тәжірибелік конференцияны АИГИ ғылым және
халықаралық мәселелер бойынша проректоры,профессор А.Қ. Ахметов қорытындылады.

-Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас
ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру, сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, білім алушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде
шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, қашықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттің институт,университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.Міне бүгін осы мәселелер біздің Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда жан-жақты талқыланды,жақсы ұсыныстар,пікірлер айтылды.Олар сұрыпталып,баяндамалар жеке кітапша болып шығарылатын болады,-деді проректор А.Қ.Ахметов.

АИГИ Баспасөз қызметі.