Қашықтықтан оқыту: ҰСТАЗДАР МІНБЕРІ Кәсіпкерлік -азаматтық қоғамның тірегі

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында ол арнайы пән ретінде оқытылуда.
«Кәсіпкерлік – азаматтық қоғамның тірегі»,-деп Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезінде ерекше атап көрсеткен еді. «Қазір даурықпа даңғазаның, құр ұраншылдықтың уақыты емес, нақты істің, нақты сапаның уақыты. Сондықтан ол нарыққа ебі жоқ, қабілетсіз адамның құтын қашырғанымен, амалы көп, алғыр, білгіш адамдардың жұмысын жандандырады. Әсіресе қазіргідей дағдарыс тұсында тек бәсекеге қабілеттілер ғана қиыншылық көрмей, дағдарыстан кейін өркендеп өсетін болады.

Сондықтан жаһандану дәуірінде Қазақстан әлемдік өркениет көшінен өз орнын алуы үшін біздің тауарларымыз да сол мақсатқа сай болуы керек. Бұл ретте біз отандық кәсіпкерлерді барынша қолдап келеміз. Өйткені, кәсіпкерлік — азаматтық қоғамның тірегі», деген Тұңғыш президенттің тапсырмасына үлкен маңыз беріліп те келеді. Осы ретте Атырау инженерлік-гуманитарлық институты да кәсіпкерлік мәселесін арнайы пән етіп оқу бағдарламасына енгізген болатын. Қазір біздің Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша ғылымның бірі болып отырған кәсіпкерлік,бизнес,оның заңдылықтары мәселелері бойынша терең білім беруге жұмыс жасалуда. Әрине, бұл бизнес,кәсіпкерлік тақырыбы қазіргі жаңа талаптар,жаңа қоғамдық формация кезінде өте үлкен мәселе. Бұл мәселелерде студенттерге терең білім беру үшін үлкен теориялық та практикалық та даярлық, юрдиция керек екені аян.
Әлемде болып жатқан коронавирус індетінің орын алуымен елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қазір білім алушылармен онлайн режімінде жүздесуге тура келіп отыр. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Ғылым апталығына орайғы қашықтықтан өтетін конференциясында «Кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзушылық» тақырыбында ой қозғайтын боламын.
Кəсіпкерлікпен айналысу қызметтерін заңды тұрғыда жүзеге асыруда жауапкершіліктің маңызы зор. Сондықтан да, кəсіпкердің мəртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталып жүзеге асырылады. Бизнес түрлері мемлекеттік тіркеуден өту қажет, онсыз кəсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кəсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тəртібі мен талаптары шартпен айқындалалып, жеке табысқа салық салыну негізінде қызмет жүзеге асырылады.
Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқа қызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кəсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде кəсіпкерлік қызметпен айналысуға кеңінен мүмкіндіктер берілген. Бұл мемлекеттік меншікпен қоса, меншіктің барлық нысандарына тəн.
Кəсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
Кəсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кəсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылданса, осы əрекеттер негізінде азаматтарға, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып кəсіпкер жауапкершілікке тартылады.
Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Конституциясында тұлға мен мемекеттің, қоғам құқығының жəне еркіндігінің басымдылығына бағытталған қарым-қатынас анық көрсетілген. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мемлекеттің билік күшімен жүзеге асыратыны ескерілген.
Кəсіпкердің əрекеттерінде қылмыс құрамының бар екендігі анықталуы үшін олардың жасаған əрекеттерін анықтау жеткілікті. Ол табиғатты пайдалану бойынша көрінеу заңсыз мəмілелерді тіркеуі; табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастрлерінің мəліметтерін əдейі бұрмалауы; табиғи ресурстарды пайдалануы, қоршаған ортаны ластауы, табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру ережелерін бұзу үшін төлемақыны азайту т.б. жауапкершіліктің кейбір мəселелеріне немқұрайлы қарауы салдарынан қылмыстық іс қозғалады.
Бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы таратылған ақпарат бойынша, осыдан бірер жыл бұрын еліміздің бірнеше өңірінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен өткізген арнайы операция кезінде кеден бекеттерінде 35 адам ұсталды. .
Яғни, еліміздің шекаралас аумағында контрабандамен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы іс-қимылды күшейту, кеден аумағы саласында тәртіпті орнату мақсатында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында кең ауқымды арнайы операция барысында кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды. Соттың санкциясымен 33 тұлға қамауға алынды.
Операция барысында мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай аймағында орналасқан Алтынкөл, Қалжат және Қорғас кеден бекеттері, Қазақстан-Қырғызстан аймағында орналасқан Қордай мен Қарасу бекеттері мен Қазақстан-Өзбекстанның Сарыағаш, Қазығұрт, Атамекен, Қапланбек шекара аймақтары арқылы халық тұтынатын тауарлар контрабандалық жолмен тасымалданғаны анықталған.
Қазақстанға контрабандалық тауарлар Қытайдан тікелей, сондай-ақ Қырғызстан арқылы кедендік әкімшілендірудің көлеңкелі сызбасы, жалған құжаттармен әкелінген. Күдіктілерге кедендік рәсімдеу және жүкті алып жүруді қамтамасыз ететін кедендік органдар мен шекара қызметінің кейбір лауазымды тұлғалары көмек көрсеткен. Тауарлар Қазақстанның ірі қалалары мен Ресей Федерациясына жолданып отырған.
Шағын және орта бизнес өкілдерінің жоғары құзырлы мемлекеттік органдарға шағымдануының басты себептері- салық заңнамасының бұрмалануы, мелекеттік сатып алу тендерлерін өткізу барысында орын алған заң бұзушылықтар, мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезіндегі теріс іс-әрекеттер. Сонымен қатар, тергеу алды тексерістер жүргізу барысында кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салу, қылмыстық істерді тергеу кезінде процессуалдық заңнаманың сақталмау фактілері бойынша да шағымдар саны азаймай тұр. Мәселен, жан-жақты тексеру үшін шағымдардың 70 пайызы – прокуратура, 17 пайызы қаржы минситрлігіне жіберіледі.
Қорыта кезгенде өз кезегінде кәсіпкерлер де мемлекет тарапынан өздеріне көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдау мен жауапкершілікті сезіне отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда ашықтыққа, құқықтық мәдениетті жетілдіруге, еліміздің заңдарын мүліктіксіз орындауға аса мүдделілік танытқандары дұрыс.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Экономика және кеден ісі кафедрасы білім алушыларға кәсіпкерліктің заңдылық аспектілерін теориялық та,практикалық жағынан да терең түсіндіруге күш салатын болады. Дәрістерде оқу-әдістемелік материалдар, көрнекі құралдар жеткілікті пайдаланудың пайдасы да үлкен.Институттағы сабақтарға белгілі кәсіпкерлер,заңгерлер,кеденшілер,салық органдары мамандары қатысып,кездесулер,семинар-тренингтер өткізілуіне ерекше мән беріп келеміз.

Алмас САДЫКОВ,
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Экономик және кеден ісі кафедрасының меңгерушісі,заң ғылымдарының кандидаты.

Leave a Reply