Қашықтықтан оқыту: ҒЫЛЫМ КҮНІ АПТАЛЫҒЫ

Шетел тілдерін тез меңгеруге бола ма?

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында үстіміздегі жылғы 13-18 сәуір аралығында Қазақстан Республикасындағы Ғылым күніне арналған Апталық шаралар онлайн форматында өтуде.15 сәуірде институтың Шетел тілдері кафедрасы ZOOM платформасында онлайн-конференция өткізіп, шетел тілдерін қашықтықтан оқытудың өзекті проблемаларын ортаға салды,ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Онлайн-конференцияға қашықтықтан профессор-оқытушылар, студенттер, оқытушы-магистранттар, жас ғалымдар қатысты.

Конференцияны Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Шетел тілдері кафедрасы меңгерушісі. PhD докторы Нұрайна Мелісқызы Қақпанбаева ашып, «Жобалау қызметі шет тілдерін оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі» тақырыбында баяндама жасап, мәселені талдады.
Аға оқытушы Нұргүл Орынбасарқызы Райсова баяндамасын ағылшын тілінде « Using new technologies in the Precess of teaching a foreign Ianguage» тақырыбында жасап, білім алушыларды кері байланысқа шақырып , бірқатар мағұлматтар берді.
Шетел тілі факультеті студенті Феруза Нығметова «Шет елдер тілдері мамандығын бітіруші түлектер үшін қашықтықтан білім беру технологияларының бірқатар артықшылықтары жайында» нақты мысалдар арқылы слайдтармен әңгімеледі.

Кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдары кандидаты Баян Қапсалыққызы Өтешева шет елдер тілдері мен қазақ тілінің ерекшеліктерін, әр ұлттың өзіндік қадыр-қасиеті мен салт-санасының маңызын білмей шет елдер тілін меңгеру қиын екенін нақты мысалдармен салыстыра отырып дәлелдеді.

Онлайн-конференция соңында қатысушы профессор-оқытушылар Ақылбек Ахметов, МафрузаМатжанова, Ғаини Тукенқызы және басқалар АИГИ институты көлемінде Ғылым апталығы барысында өткен конференция онлайн форматында өз деңгейінде өткенін ,алға қарай әлі де жетілдіре түсу артық болмайтынын жеткізді. Конференцияны ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыстарын білдірді.

АИГИ Баспасөз қызметі

Leave a Reply