«Атамекен» ҰКП мен Қазақстан студенттер альянсы ЖОО-ны жұмысының рейтингісін хабарлады

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты (АИГИ) жоғары білімді, ел экономикасы мен әлеуметтік салаларында сұранысқа сай мамандар даярлау және бітіруші түлектерінің жұмысқа орналасуы критерилері бойынша еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алдынғы лекте келеді. Бұл туралы үстіміздегі жылғы 28 сәуірде «Атамекен» ҰКП және ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген отандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінің 2020 жылғы бағдарламасына арналған «ЖОО рейтингі: Қазақстандағы ең жоғары және төменгі көрсеткіштегі университеттер» тақырыбында онлайн форматындағы баспасөз конференциясында айтылды.

ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасасары Олжас Ордабаев пен Қазақстан студенттер альянсы президенті Ілияс Түстікбаев жоғары оқу орындарының білікті ,бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы министрлік талаптарына сай атқарып жатқан жұмыстарына талдау-рейтингінің нәтижесін жеткізді.Қазіргі күні Қазақстанда 60-тан астам ЖОО-да оқыған түлектердің жартысы жұмыссыз жүр екен. Бұл білім гранттары мен осы оқу ордаларындағы білім сапасының төмендігін көрсететінін «Атамекен» ҰКП Басқарма төрғасының орынбасары Олжас Ордабаев атап айтты.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ұжымының бұл ретте жақсы қалыптасқан жұмыстары бар екенін айту керек. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үш жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді Сол рейтингтер нәтижесінде анықталғандай АИГИ осы критерилер бойынша да алдыңғы қатарлы ЖОО-ның алғашқы ондығында келеді.
Жасыратыны жоқ,қазір мектеп бітіруші түлектердің көпшілігі мамандық таңдауда қиналады, бұл еңбек нарығына қажетті мамандықтар жайында нақты мәліметтердің жоқтығынан. Ал аталған рейтинг осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін жасалып отырған көрінеді.
«Рейтинг 2019 жыл аяғында 17 критерий бойынша жүргізілді, олардың ішінде: еңбекпен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа айлық еңбекақысы, оқу аяқтаған соң жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ, бағдарламалардың өзектілігін бағалау бар», – деді ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы.
Онлайн конференцияда мектеп бітірушілердің ЖОО-ын таңдауы үшін рейтингтің маңызы ерекше екені айтылды. Дипломды маманның жұмыс табуы ең басты мәселе. Осы ретте аймақтардағы өндіріс орындарына жақын орналасқан,шарашылық салаларымен тығыз байланыста жүрген студенттің жұмыс табу мүмкіндігі жоғары.Сондықтан да бұл ЖОО-ын меншік түрлеріне қарамастан қолдау керектігі айтылды. Сонымен қатар ЖОО-да заман талабына сәйкес қосымша мамандық беру де керектігі атап көрсетілді. Осы ретте Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының біршама іргелі істері де бар екенін айтқан жөн. Бұл институт профессор-оқытушылар құрамы мен барша ұжымның елдегі Төтенше жағдайдағы қиындықтарға қарамай ізденісті де қажырлы еңбектерінің жемісі екені рас. Құтты болсын демекпіз!
Конференция спикерлері онлайн жағдайында қатысушылардың қойылған көптеген сұрақтарына да жауаптарын берді.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Баспасөз қызметі

Leave a Reply